Санкт-Петербургте мұсылман журналистерінің V форумы өтті
2019 жылдың 25-26 қыркүйек күндері Санк-Петербургте «Ресей – Ислам дүниесі» стратегиялық зерттеу тобының қаржыландыруымен мұсылман журналистері мен блогерлерінің V мерейтойлық форумы болып өтті. Форумға Ресей мен шетелдерд3к журналистер, блогерлер, баспагерлер, саясаттанушылар және қоғам қайраткерлерін құралған 60-қа жуық делегат қатысты.
Форумда «Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір мен халықаралық күн тәртібін қалыптастырудағы рөлі» кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Ақпараттық және психологиялық соғыстар және олардың қоғамдық пікірге әсері», «Адам құқығы аясындағы журналистика бостандығы», «Фейк ньюс: түсіну мен қарсы тұру стратегиясы» және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.
Форумдағы талқылаудан кейін қорытынды құжаттар қабылданды.
Islam-today
ФОТО: russia-islworld.ru