Шөлге жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы сынақтан өтіп жатыр
Біріккен Араб Әмірліктерінде наноматериалдарды пайдалану арқылы жасанды жолмен жаңбыр жаудыру мақсатында жаңа бұлт егу әдісін алғаш рет сынақтан өткізді.
Жауын жаудыру үшін бұлттардың күйін өзгертуге арналған титтей бөлшектерді Learjet компаниясына тиесілі арнайы ұшақтардың көмегімен шашады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы бес жыл ішінде аталған араб елі жауын шақыру мақсатында арнайы зерттеуге миллиондаған доллар бөліп, күллі әлем бойынша осы салада жетістіктерімен көзге түскен ғалымдарға грант ұсынған болатын. Khalifa University-нің профессоры әрі 2016 жылы аталмыш бағдарлама грантын ұтып алған үш лауреаттың бірі Линда Цоу осы жолғы технологияның тиімділігіне үлкен үміт артып отыр. Яғни, наноматериал тұз кристалына қарағанда жақсы нәтиже көрсетуі тиіс деп есептейді ол. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты.
Islam.kz