«РАМАЗАН СЫЙЫ» РЕТІНДЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сәйкес қасиетті қадір түні қарсаңында Алмалы ауданы «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж 30 отбасына 30 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігі бойынша «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін қари Бекайдарұлының ұйытқы болуымен қасиетті ай құрметіне «Рамазан сыйы» ретінде мешіттен көмек сұрап келген 30 отбасына 30 000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Тұрмыстық қажетіне жұмсап, кейбірі борышын өтеуге қаржылай көрсетілген көмек үшін дін қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі