«ҚҰРАН ТҮСКЕН ҚҰТТЫ АЙ» АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
Алатау ауданы «Д.Қонаев» мешітінде жылдық жоспарға сәйкес «Құран түскен құтты ай» атты Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу мен мәнерлеп оқу бойынша сайыс өткізілді.
Додаға 7 жастан 40 жасқа дейінгі 25 балалар мен жамағат шәкірттер қатысты. Шараны ұйымдастырушы «Д.Қонаев» мешітінің бас имамы Мейіржан Рахматуллаұлы. Құран жарысында Алматы орталық мешітінің ұстазы Баубек Бердіғалиұлы, «Бекет ата» мешітінің ұстазы Арғынбай Елдос және Жұмаханұлы Олжас қари төрелік етті. Жалпы жүлде қоры 320 000 теңгені құраған Құран сайысында
30 шы пара бойынша:
1-орын Дияр Дарханұлы
2-орын Әлайдар Бекболат
3-орын Абдуррахман Қанатұлы жеңіп алса,
Мәнерлеп оқу бойынша:
1-орын Ибраһим Нұрланұлы
2-орын Дияр Нұрсұлтанов
3-орын Ахмет Нұрланұлына бұйырды. Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі