ПІТІР САДАҚАСЫ МҰҚТАЖДАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ
Бостандық ауданы «Нұрлытау» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Қасиетті Рамазан айында жамағаттың мешітке берген пітір садақасы көмекке мұқтаж отбасыларына қайырымдылық жәрдем көрсетілді. Шараға бас имам Ерлан Құлмырзаұлы қатысты. Толық емес отбасы мүшелері, көп балалы аналар мен көмек сұрап келген 10 отбасына 15 000 теңгеден үлестірілді. Көмек алған тұрғындар жанашыр жандар мен мешіт жамағатына алғысын айтты.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі