ҚМДБ Төрағасы киелі өңірдің жаңа келбетімен танысты (ФОТО)
Түркістан облысына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жылдам қарқынмен дамып келе жатқан киелі өңірдің жаңа келбетімен танысты.
Сапар барысында Бас мүфти бастаған ҚМДБ қызметкерлері Түркістан шаһарының тарихи, мәдени һәм рухани нысандарын аралады. Солардың бірі – «Ұлы дала елі» рухани-мәдени кешені.
Орталықта Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи-заманауи зал бар.
Одан кейін дін қызметкерлері ХIV ғасырда Әмір Темірдің пәрменімен салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болды. Сондай-ақ Бас мүфти Түркістанның тарихы мен бүгінгі келбетінен сыр шертетін мұражайды аралады.