ҚМДБ-ның ресми «Munara» газеті жарық көрді
Елордада өтіп жатқан ІІІ Республикалық имамдар форумында жиналған көпшілікке ҚМДБ-ның ресми «Munara» газетінің алғашқы саны таныстырылды.
Айына 2 рет сейсенбі, жұма күндері жарық көретін газет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп, арнайы куәлік берілген. Газеттің бас редакторы – танымал журналист Серікбол Хасан, таралымы – 25 мың дана.
Munara» газеті – ҚМДБ-ның ресми басылымы. Газетте руханияттың барлық тақырыбы көтеріледі. Тарихи тамырымыздан бастап салт-санамыз, әдет-әдебіміз, тарихи тұлғаларымыз, таным-түсінігімізге қатысты материалдар, дін мен дәстүрді, имандылық пен ізгілікті арқау еткен дүниелер жарияланып отырады. Газет еліміздің барлық аймағына тарайды, әзірге айына 2 рет шығады. Сондай-ақ, мүфтияттың атқарып жатқан шаралары, ҚМДБ-ға қарайтын мекемелердің ерен істерін де көрсетіп отыруға тырысамыз.» — дейді басылымның бас редакторы С.Хасан.
kazislam.kz