Ратбек қажы Алматы жамағатымен жүздесті (ФОТО)
Бүгін, ҚР тұңғыш мүфтиі, ғалым, абыз ақсалалымыз Ратбек қажы Нысанбайұлы хазрет Алматы қаласы жамағатымен жүздесіп, жұма уағызын айтты.
Ізгіліктің үлгісіндей болған тұңғыш мүфтиіміз өз сөзінде Аллаға деген тақуалық пен тақуа құлдың сипаттарына тоқталды. Сондай-ақ, өз өмірінде болған әсерлі оқиғағалармен бөлісіп, жастарға келелі кеңестерін жеткізді.
Алматы жұртшылығы да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздегі діннің дамуына үлес қосқан атамыздың тәлімді уағызын тыңдап, терең ойға шомғаны хақ.