ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Алматы Орталық мешітінде әйел ұстаздарға мүфтият бекіткен бағдарлық баяндама негізінде 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстыру мәжілісі өтті.
Жиынға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы және қала мешіттерінің әйел ұстаздары қатысты. Елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкеріне бағдарлық баяндамасын жолдап, 2026 жылды діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады. Төрт бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өтті.
Бас имам Төлеби Дәділұлы осы жылы басымдық берілетін төрт бағытқа айрықша тоқталды. Олар: «Дәстүр және отбасы», «Ихсан және Насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру». Әйел ұстаздарға осы аталған бағыттар бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.
Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша сектор жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық жоспарын пысықтады.








