НҰР-МҮБАРАК МЕШІТІНДЕ ДӘРІСТЕР ӨТУДЕ
Нұр-Мүбарак мешітінде жамағатқа арналған дәрістер тізбегімен Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабы негізінде ақида, фиқһ және ихсан тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар иман негіздері, құлшылықтың тәртібі, мұсылманның мінез-құлқы мен рухани тәрбиесі жайлы пайдалы сабақтар жүргізілді. Ал енді қасиетті Рамазан айы жақындаған тұста, жамағаттың сұранысы мен қажеттілігін ескере отырып, дәрістер бағыты оразаға қатысты сұрақтарға ойысты. Қазіргі таңда «Ораза бабы» бойынша дәріс басталып, Рамазанға дайындық ретінде оразаның үкімдері, шарттары, бұзатын және бұзбайтын амалдары, ниет мәселесі, ауыз ашу мен сәресі әдебі сияқты маңызды тақырыптар рет-ретімен баяндалып жатыр.
Ұстаз-имамдар бұл дәрістер әрбір мұсылман үшін Рамазан айын дұрыс қарсы алып, сауабын толық алуға, әрі құлшылықты біліммен орындауға үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.





