ЖҰМАДА БӘРЗӘНЖИ МӘУЛІТІ ОҚЫЛДЫ
Қасиетті жұма қарсаңында Алматы Орталық мешітінде Мұхамед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) туған айы құрметіне мәуліт оқылды.
Айтулы шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, «Бәйкен» мешітінің бас имамы Данияр қари Жұмабаев, «Хусамуддин ас-Сығанақи» ислам институты Алматы бөлімінің директоры Ақжолтай қари Бақытжанұлы және дін қызметкерлері мен қарилар қатысты. Екі дүние сардары, ізгілік жаршысы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне орай имам Бәрзәнжи құрастырған мәуліт жыры оқылып, жамағатпен бірге салауат айтылды. Орталық мешіт залында жамағатқа ыңғайлы етіп мәуліт жырының қазақ тіліндегі аудармасы ЛЭД экран арқылы көрсетіліп тұрды. Бұл өз кезегінде жамағатқа араб тіліндегі мәуліт жырын түсініп, ұғынуға мүмкіндік берді. «Оқылған құран мен мәуліт шәріп шарапатымен елімізді нұрландыруын және қаламызды бейбіт мекенге айналдыруын нәсіп етеуін тілейміз», - деп дұға жасады қаланың бас имамы Төлеби Оспан.
Алла Тағаладан елімізге тыныштық, амандық-саулық тілеп бата жасалды. Қабыл болар дұғаның бір шарты Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның әулетіне салауат, сәлем айту екенін жеткізді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі