Жаңалықтар
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады.
Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Османхан қажы Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода қатысты.
Қабылданған құжатта Орталық Азияда діни мерекелерді (ораза, құрбан айт) бір күнге белгілеу, ортаазиялық діни мектепті жаңғырту, ортақ салттар мен дәстүрлі жоралғыларды дамыту, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тарихи ортақ нысандарға зиярат жасау, діни кітаптарды аудару, т.б. бағыттар бойынша ықпалдасып қызмет ету көзделген.
Мүфтилер осы бағыттар бойынша өзара ықпалдасып қызмет етуге уағдаласты.
Muftyat.kz
БАС МҮФТИ БІШКЕКТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен «Рухани Жібек жолы. Ұлы гуманистік салттар мен қазіргі сын-қатерлер» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты....
Сауд Арабиясы қажылық маусымы аяқталды деп хабарлайды
Қасиетті қос қала: Мекке мен Мәдинада қажылық маусымы аяқталды. Қажылық кезінде барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды деп хабарлайды Мина жазығында өткен пресс-конференцияда Сауд Арабияның Ішкі істер министрлігінің арнайы өкілі....
Иорданияда әлемдегі ең көне нан табылды
Иорданиядағы археологиялық жұмыстары барысында өте қызық қазба табылды – мамандар осыдан 14500 жыл бұрын пісірілген нанның тастанып қалған қалдықтарын тауып алған,- деп хабарлайды Islamtoday сайты. ...
Президент Назарбаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
Епископ Исламды қабылдап, шіркеуін мешітке айналдырды
Найроби: Кениялық епископ Исламға бет бұрып, шіркеуін мешітке айналдырды. Ол мұнысын: «Шіркеуде ашық-шашық киінген әйелдерді көруге ұятым жібермеді», - деп түсіндірген....
Мұсылман адам италиялық қызды ар-намысының қорлануынан сақтады
Рим – Мұсылман гүл сатушы жас италиялық қызды бір топ мас еркектердің қорлауынан құтқарып, қауіпсіз жерге алып барған.