Жаңалықтар
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен «Рухани Жібек жолы. Ұлы гуманистік салттар мен қазіргі сын-қатерлер» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты.
Сонымен қатар, халықаралық діни-ғылыми басқосуға Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Османхан қажы Алимов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода, Қырғызстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтомушев, т.б. мемлекеттік мекемелердің басшылары мен сарапшы ғалымдар, дін қызметкерлері қатысты.
Пленарлық отырыста сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: «Адамзат тарихында ерекше орын алатын Ұлы Жібек жолы әртүрлі елдер мен ұлттардың мәдениеті мен өркениетін дамытуға ықпал етті. Ұлы Жібек жолының біраз бөлігі Еуропа мен Азияның белортасында тұрған Қазақстан арқылы өтті. Қазақ даласында Фараб, Исфиджаб (Сайрам), Сығанақ, Сауран, Сарайшық сынды қалалар бой көтерді. Қазақ топырағынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи сынды ғұламалар Ислам өркениетіне үлес қосты», – деп атап өтті.
Бас мүфти өз баяндамасында Астанада әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің діни татулық пен өзара келісімді нығайтуға қосқан үлесін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы С.Ораз «Рухани Жібек жолы» халықаралық конференцияның кезекті басқосуын Астанада өткізуді ұсынды.
Muftyat.kz
Сауд Арабиясы қажылық маусымы аяқталды деп хабарлайды
Қасиетті қос қала: Мекке мен Мәдинада қажылық маусымы аяқталды. Қажылық кезінде барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды деп хабарлайды Мина жазығында өткен пресс-конференцияда Сауд Арабияның Ішкі істер министрлігінің арнайы өкілі....
Иорданияда әлемдегі ең көне нан табылды
Иорданиядағы археологиялық жұмыстары барысында өте қызық қазба табылды – мамандар осыдан 14500 жыл бұрын пісірілген нанның тастанып қалған қалдықтарын тауып алған,- деп хабарлайды Islamtoday сайты. ...
Президент Назарбаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
Епископ Исламды қабылдап, шіркеуін мешітке айналдырды
Найроби: Кениялық епископ Исламға бет бұрып, шіркеуін мешітке айналдырды. Ол мұнысын: «Шіркеуде ашық-шашық киінген әйелдерді көруге ұятым жібермеді», - деп түсіндірген....
Мұсылман адам италиялық қызды ар-намысының қорлануынан сақтады
Рим – Мұсылман гүл сатушы жас италиялық қызды бір топ мас еркектердің қорлауынан құтқарып, қауіпсіз жерге алып барған.
Түрік парламенті діни некелерді ресми некелермен теңестірді
Түрік парламенті ресми неке қию салтанаттарын өткізуге өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар сияқты, мемлекеттік діни қызметкерлерге, яғни, мүфтилерге де ресми неке қиюға рұқсат беретін заң қабылдады....