Жаңалықтар
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Абу-Бакр мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Халал даму» аясында әйел жамағатына арналған «Адал мен абзал өмір» атты семинар болып өтті.
Жыл басынан жоспарланған аталмыш шараға «Халал Даму» бөлімінің арнайы мамандары, Алматы қаласы бойынша «Халал Даму» жауапты өкілі Чадаев Маратхан мен сарапшы технолог Омарова Айжан қатысты.
Ең алдымен Наурызбай ауданының Бас имамы Мәди Айдарханұлы «Халал мен харамның шариғаттағы үкімдері» атты тақырыпта аз-кем мағлұмат айтып, жиынды ашып берді. Содан кейін Чадаев Маратхан жиынның маңыздылығы мен «Хала Даму» бөлімінің мақсатын жиналған көпшілікке кеңінен түсіндірді. Ал сарапшы технолог Омарова Айжан заман талабына сай электронды және бейнебаян мәліметтер арқылы «Халал Даму» технологиясының жұмыстарымен таныстырып, Алматы қаласы бойынша «Халал даму» тарапынан сертификаттандырылған өнімдер мен асханалар жайлы мәлімдеме жасады.
Жамағаттар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді. Шараны ұйымдастырушы Наурызбай ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының өкілі Ахметова Маржан ұстаз жиналған әйел жамағатына «Күнделікті өмірдегі ас әзірлеу» тақырыбында сөз қозғады.
Жиын соңында Наурызбай ауданы бойынша мешіттерден жиналған әйел жамағаты «Хала Даму» мамандары мен Мешіт имамдарының жұмыстарына табыс тілеп, алғыстарын білдірді.
Абу Бакр мешітінің баспасөз қызметі
Алматы: мешіт қызметкерлері арасында спартакиада өтеді
Астана. 27 қыркүйек. KAZISLAM – 29 қыркүйекте «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы қаласының мешіт қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылады.
ФОТО: БАС МҮФТИ АҚТӨБЕДЕ ӨТКЕН РУХАНИ КЕШТЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына барған жұмыс сапары аясында Өнер орталығында өткен рухани кешке қатысты.
Қазақстан мұсылмандары үшін бірегей мүмкіндік: жұма уағыздарын (хутбаларды) үш тілде тікелей on-line трансляциялау
Өздеріңізге белгілі болғандай, Ислам Қазақстандағы ең кең таралған дін. Соңғы деректер бойынша халқымыздың басым бөлігін мұсылмандар құрайды және де Қазақстан бойынша 2,5 мыңнан астам мешіт бар. Исламды насихаттаудың ең басты құралдарының бірі, ол – имамдардың мешіттерде жұма уағыздарын (хутбаларды)...
ҚМДБ МЕН «ХАРЕКЕТ» ҚОРЫ ОРТАҚ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАДЫ
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ««Харекет» қайырымдылық қоры» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.
ФОТО: ҚАЖЫЛАРҒА 200-ДЕН АСТАМ ПƏТУА БЕРІЛДІ
Қажылық маусымында жерлестерімізге 200-ден астам пəтуа берілді.
АТАЗАҢ - БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БЕРІК КЕПІЛІ
Егемен еліміздің ширек ғасырдан астам əрбір белесінде, жеткен жетістігінде Атазаңның алар орны айрықша. Байтақ даламызда береке мен бейбітшіліктің, татулық пен тұрақтылықтың орнығуы Конституциямыздың негізінде қалыптасқаны хақ. ...