Жаңалықтар
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ««Харекет» қайырымдылық қоры» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.
Меморандумға қол қою рәсіміне ҚМДБ тарапынан наиб мүфти Алау Әділбай, қор атынан директор Алғадай Әбілғазыұлы қатысты.
ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы өзара ықпалдастықты арттыруды көздейтін меморандум дәстүрлі рухани адамгершілік пен діни құндылықтарды дамытуға, бейбітшілікті, қоғамдағы достық пен келісімді нығайтуға, тұрақтылықты қолдауға, радикализм мен діни экстремизмнің алдын алуға қызмет ететінін атап өтті.
Тараптар төмендегі бағыттар бойынша бірлесе қызмет етпек:
- жастардың білімін арттыру, ғылымды, мәдениетті, дінді өркендету;
- қоғамның, оның ішінде жастардың діни сауаттылығын арттыру, радикализм, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу;
- халық арасында ақпараттық-ағарту жұмысын күшейту, қоғамдағы тұрақтылықты, этносаралық және дінаралық келісімді сақтау, азаматтардың деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру;
- деструктивті діни ағымдардың әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға психологиялық, құқықтық көмек көрсету және әлеуметтік оңалту;
- оқу курстарын, тренингтер, семинарлар мен басқа да форумдар ұйымдастыру;
- отбасы мен қоғамның адамгершілік, моральдық негіздерін сақтау, дәстүрлі Ислам құндылықтарын және ата-бабаларымыздың рухани мұрасын нығайту;
- жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, т.б.
Muftyat.kz
ФОТО: ҚАЖЫЛАРҒА 200-ДЕН АСТАМ ПƏТУА БЕРІЛДІ
Қажылық маусымында жерлестерімізге 200-ден астам пəтуа берілді.
АТАЗАҢ - БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БЕРІК КЕПІЛІ
Егемен еліміздің ширек ғасырдан астам əрбір белесінде, жеткен жетістігінде Атазаңның алар орны айрықша. Байтақ даламызда береке мен бейбітшіліктің, татулық пен тұрақтылықтың орнығуы Конституциямыздың негізінде қалыптасқаны хақ. ...
БАС МҮФТИ: ҚҰРБАН АЙТ – ҚҰТТЫ МЕРЕКЕМІЗ!
Аса мейірімді, ерекше қамқор Алланың атымен бастаймын!
Жаббар Иеміз әл-қиссада әзіреті Ибрахим мен оның ұлы әзіреті Исмайылдың адалдығын өзгелерге үлгі етіп, мұқым мұсылман үмбетін құрбан шалуға бұйырғаны баршаға белгілі. Ислам тарихында Құрбан шалу рәсімі хижраның екінші жылы Сабук соғысынан кей...
Балғабек Мырзаев: «Мектеп маңындағы мешіттер бұзылады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті 2018 жылғы 2 тамызда БАҚ беттерінде жарық көрген «Қазақстанда мектепке жақын орналасқан мешіттер бұзылады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды....
Мысырдан хат: Көңілден шыққан сәтті сапар!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының «Әл-Әзһар» университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық келісіміне сәйкес, Қазақстан бойынша имамдар мен ұстаздардан құралған тоғыз дін қызметкері екі айлық білім жетілдіру курсына жол тарттық....
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды
Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін қайта атау туралы қаулы етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Төменде жарлықтың мәтіні көрсетілген....