МӘЛІМДЕМЕ: IX республикалық Құран жарысы кейінге шегерілді

Құрметті мұсылман бауырлар! Құрансүйер қауым!
Өздеріңізге мәлім, биыл халқымыздың ұлы тұлғасы, ойшылы А.Құнанбайұлының 175 жылдығына және ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай бекітілген шаралар қатарында «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан IX республикалық Құран байқау» өткізу жоспарланған болатын. Яғни, аталмыш жарыс ү.ж. 27-28 шілде күндері Алматы қаласында өткізілетіні жайында хабарланған-ды. Алайда елдегі төтенше жағдай мен пандемияның басылмауына байланысты Құран жарысының мерзімі тағы да кейінге шегеріліп отыр.
Кейінге шегерілген Құран жарысының мерзімі алдағы уақытта ҚМДБ-ның ресми сайттарында (muftyat.kz, azan.kz) хабарланатын болады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі