Алматы қаласының бас имамы құрбандарға Құран бағыштап, дұға жасады (ФОТО)
Бүгін, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай және қала имамдары бесін намазынан кейін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, Құран бағыштап, дұға жасады.
Дұға жасау рәсімінде бас имам елдің ертеңі үшін шейіт болғандардың рухтары пейіште шалқып, Алла рақымына бөленсін деп тілек тіледі. Сондай-ақ, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін дұға етті.