Балаларға мерекелік сыйлық табысталды (ФОТО)
Кеше Алматы облысы Талғар ауданына қарасты «Нұр» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Алматы Орталық мешітінің «Жастар ісі» секторы мен «Ықылас-2050» қайырымдылық қорының еріктілері балаларды қорғау күніне орай жиырмаға тарта сыйлық қорапшаларын табыстады.
Жарым көңілді бүтіндеп, игі істерге жаршы болып жүрген «Нұр» балалар үйінің меңгерушісі Тұяқ апа Есқожина мен балалар мерекелік көңіл күй сыйлап, тарту-таралғысын ала келген қонақтарға ризашылық сезімдерін білдіріп, алғыс айтты.