БҮЛДІРШІН ЕМІНЕ 7 000 000 ТЕҢГЕ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Жанель есімді 11 жасар қыздың еміне қаржылай көмек көрсетілді
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қант диабетіне шалдығып инсульт алу салдарынан бір көзі толық көрмей, оң қолы мен оң аяғы сал болып қалған Жанель бүлдіршіннің анасы Гүлерке ханымға 7 000 000 теңге қаражатты табыстады. Қайырымдылық іс-шарасына Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев, «Дархан» мешітінің бас имамы Айдос Шарапатбекұлы және мешіт ақсақалдары қатысты. Алдағы уақытта Жанель Туркия еліне емделуге аттанбақ. Қаражат ел көмегімен, қайырымды жандардың демеушілігімен жиналды. Бас имам Төлеби Дәділұлы игі шараға мұрындық болған барша азаматтарға алғысын білдірді. Шара соңында «Дархан» мешітінің ақсақалдары Туркия еліне ем алуға аттанып жатқан Жанельге ақ батасын беріп, сәтті сапар тіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі