«БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖАМАҒАТ» ТАБИҒАТ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ (ФОТО)
Алматы қаласы Алатау ауданы мешіттерінің бірқатар жамағаты бірлесе табиғат аясында «Бірлігі жарасқан жамағат» деген атпен басқосу өткізді.
Тұтастық пен ізгілікке бастау алар жамағат басқосуына Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бастап, бірқатар мешіт имамдары да қатысты. Тау бөктерінде арнайы дастархан жайылып, қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды. Ұйымшыл жамағат арасынан қой көтеру, садақ ату, кір тасын көтеру, арқан тартыстан сайысқа түскен қатысушы жеңімпаздарға жалпы 500 000 теңгені құрайтын бағалы сыйлықтар үлестірілді. Тау етегіндегі басқосу рухани кездесуге ұласып, ұстаз-имамдардың әсерлі уағыздарымен жалғасты. Бірлігі жарасқан жамағат рухани уағыздар тыңдап, имани күш-қуат жинап қайтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі