«БӘЙКЕН» МЕШІТІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУДАН САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастырумен «Байкен» мешітінің 10 жылдығына орай әйел-қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқу байқауы сайысы мәресіне жетті.
Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс шарасына «Бәйкен» мешітінің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы қатысты. Алғысөз сөйлеп, қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, бас имам Болатбек Ұласқанұлы көрермен ретінде келген ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіп сый-сияпат жасады. Құран сайысына 30 үміткер қатысты. Қатысушы үміткерлер Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша сайысқа түсті.
Байқауда әділ қазылық еткен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы, «Балдыгүл ана» Құран жаттау орталығының ұстазы Арайлым қари Қуатбекқызы, «Бәйкен» мешітінің ұстазы Жазира Тоқтасынқызы жүзден жүйрік жеңімпаздарды анықтады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:
Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан:
І орын (500 000 теңге) – Игілік Сабина;
ІІ орын (300 000 теңге) – Нысанбаева Гүлнәр;
ІІІ орын (200 000 теңге) – Исмаилова Зорагуль.
Құран Кәрімді жатқа оқу байқауына қатысып орын иелене алмаған барлық үміткерлерге алғыс айтылып, 30 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді. Сондай-ақ, екі қатысушыға 150 000 теңгенің ыдыс аяқ жиынтығын сыйға тартты.