ХІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН САЙЫСЫНА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ІРІКТЕУ ӨТТІ

ҚМДБ Алматы қаласы бойынша ХІV Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өткізілді.
Ардақты Елші Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
"Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің", - деген.
Осылайша қасиетті Құран Кәрімнен ХІV Республикалық жарысқа іріктеу сайысынан жүйріктері анықталды. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша 3 номинациядан ұйымдастырылды.
Іріктеу сайысының жүлдегерлері ХІV Республикалық Құран жарысына жолдамаға ие болды:
Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – (жолдама); Есімбек Арсен Саятұлы
II орын - Айтмахан Диас
III орын - Сейтқасым Нұртілеу Серікұлы
Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – (жолдама); Мырзахмет Махмут Жолдасұлы
II орын - Эминтаев Асадуллох Иззатуллах
III орын - Болат Рамазан Ернарұлы
Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Абдилазиз Абдулбасит Савронбекұлы
II орын - Мырзахан Ахмед
III орын - Маханбет Дінмұхаммед Абдужамалұлы
Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:
І орын – Әбілқасым Абдурахманұлы
II орын - Мирзаев Равшанбек Раджабмахмад
III орын - Әмір Асылжан Шахмерденұлы
Жарыс соңында Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан және Серік қари Ахметов бастаған әділ қазылар алқасы Құран жарысына қатысқан қарилар мен шараны ұйымдастырушыларға өз алғысын жеткізді. Сондай-ақ ХІV Республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.