Жаңалықтар
Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Жаңа қызметке жақында кіріскен министр Бас мешіттің жай-күйімен жақын танысып, құтты мекенде ҚМДБ басшыларымен кездесу өткізді.
Құрметті қонақты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзі қарсы алып, құлшылық ордасын аралатып шықты. Еліміздің мақтанышына айналған «Әзірет Сұлтан» мешітінің көркем сәулетін тамашалап, құнды жәдігерлерімен танысқан Дархан Кәлетаев өз сүйсінісін білдіріп, Бас мешіт мәртебесінің биіктей беруін тіледі.
Сондай-ақ, мешіттің үшінші қабатында орналасқан оқу залдарын аралап, қызметтік бөлмелерге бас сұқты. «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтының редакциясы мен «Хикмет» телерадио студиясының жұмыстарымен танысып, оң бағасын берді.
Дін істері және азаматық қоғам министрі құлшылық ордасындағы сапары аясында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесу өткізіп, бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесуге ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқанов және Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Онғарбаев, Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының орынбасары Мырзабек Балғаевтар қатысып, Қазақстандағы діни ахуал жайында сөз қозғады.
Кездесу барысында еліміздегі оқу-ағарту, діни сауаттандыру жұмыстары, теріс ағымдармен күрес шаралары, мешіттер жай-күйі секілді түйткілді тақырыптар айтылып, жұмыс нәтижелері таныстырылды. Министр мырза ҚМДБ бастамасымен жарияланған биылғы «Ислам және отбасы» жылы аясындағы жұмыстарға ерекше қызығушылық танытып, дамыта түсу керектігін жеткізді.
ВИДЕО: БАС МҮФТИ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қадірменді қауым! Баршаңызды мұсылман үмбетінің ұлық мейрамы – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Қасиетті жұма күнімен қатар келген айт мейрамы құтты-берекелі болғай! Біздің халқымыз рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп қадірлеген. Ал мереке күндері ағайын-жұрт ...
ҚАСИЕТТІ ҚАДІР КЕШІ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!
Қадірлі жамағат! Баршаңызға қасиетті Қадір кеші мүбәрак болсын! Алла Тағала Хақ Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түні мың айдан да қайырлы» (Қадір, 2-3) – деген аятты нәзіл етіп, мұсылман үмбетін теңдессіз қуанышпен сүйіншілеген. Әлбетте, бұл – Алла Тағаланың мұсылма...
Исламтанушы ғалым Сансызбай Құрбанұлы «Таугүл-3» мешітінде уағыз айтты
Алматы қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарушы Сансызбай Құрбанұлы «Тагүл-3» мешітінің жамағатына уағыз айтып, тарауих намазына қатысты....
Бас мүфти ардагерлер үйінде ауызашар берді
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет ардагерлер үйіне арнайы зиярат жасап, ауызашар дастарханын жайды. Бас мүфти хазретті ардагерлер үйінің директоры Раиса Мұсабекқызы күтіп алып, қарттарға жасалып отырған барлық жұмыстарымен таныстырды....
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып Құран оқылып, құрбан шалынды
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасымен Алматы қаласы Орталық мешітінде «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай Құран оқылып, құрбан шалынды....
Наиб мүфти Алматы жамағатымен жүздесті
Өткен Жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев Шайқымұлы Алматы қаласы Орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, тарауық намазы алдында тағылымды насихат айтты. ...
Мүфти сапары: жылыойда өткен жүздесу
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысы Жылыой ауданының жұртшылығымен кездесті.
«Игілік режимін» қалай іске қосуға болады?
Игілік режимін іске қос! Өз оқырмандарына дәл осындай үндеумен Al Saqr Finance компаниясы ой тастайды. Өткен жылдың аяғында Қазақстанда тұңғыш исламдық картаны шығарып, танымал болған Al Saqr Finance компаниясы «Игі істер картасы» атты жаңа бірегей жобасын бастады. Бұл картаның мәні, ерекшеліктері, ...
Транстелеком және Әл Сакр Финанс: бірінші Исламдық лизинг мәмілесі
Исламдық қаржы компаниниясы АҚ «Аль Сакр Финанс» алғашқы рет Қазақстандық АҚ «Транстелеком» компаниясымен Исламдық лизинг (Иджара) негізінде тұрғын емес үй-жайларға ие болу мәмілесін жасасты....
ҚМДБ: Мьянма мұсылмандарына жасалған қасіретті қатаң айыптаймыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мьянмада орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдіреді. Жергілікті тұрғындарға жасалған қасіретті қатаң айыптайды....
Сурет: Әйгілі боксшы, чемпион Василий Жиров Ислам дінін қабылдады
Қазақстан боксының жарық жұлдызы, Атланта олимпиада ойындарының чемпионы, Вэла Баркер кубогының иегері және IBF-тің бірінші ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, бокс әлемінде «Балқаш жолбарысы» деген лақап атпен танылған Василий Жиров Ораза айт мейрамы қарсаңында Ислам дінін қабылдады....
Қырғызстанда көп әйел алуды заңдастыру мәселесі бойынша дөңгелек жиын өтті
Маусымның 10 күні Қырғызстанның астанасы Бішкекте көп әйел алуды заңдастыруға қатысты дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды Azan.kz. Озубек қажының сөзіне қарағанда, егер ер адам бірнеше жанұяны асырай алса, ол екі немесе үш әйел ала алады. «Әйел затын асырау керек, олар жұмыс істеп, ақша табуға міндет...