Жаңалықтар

Бас мүфти ардагерлер үйінде ауызашар берді

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет ардагерлер үйіне арнайы зиярат жасап, ауызашар дастарханын жайды. Бас мүфти хазретті ардагерлер үйінің директоры Раиса Мұсабекқызы күтіп алып, қарттарға жасалып отырған барлық жұмыстарымен таныстырды. Ең алдымен ардагерлерінің үйінің ортаңғы үлкен залында орналасқан қолдан егілген кіші саябақты аралап, ғимарат ішіндегі ғажап көріністі жасаған басшылығына алғыс айтты. Одан кейін, қарттарға қолайлы етіп жасалған спорттық сауықтыру залын аралап Бас мүфти:
 
«Мынау спорттық сауықтыру залы ардагерлер үйінде жатқан денсаулықтары сыр берген әрбір қарияға өте қолайлы жасалған екен», - деп сауықтыру залындағы құрал-жабдықтармен танысты.
 
Сонымен қатар, қариялардың арасындағы қолының шеберлігі бар кісілерге арналған қолөнер жасау бөлмесін және қарттардың жүйке жүйесін тыныштандыруға арналған сауықтыру бөлмелерін аралап шықты. Және жасы 76-ға келген ардагерлер үйінің тұрғыны Құлмағамбетова Төлебике Саимқызының бөлмесіне бас сұғып, қарт анамен сұхбаттасты. Одан кейін Бас мүфти хазрет ардагерлер үйінің тарихынан сыр шертер музейді аралады. Және №45 кітапханаға да зиярат жасап, кітапхана ішіндегі жұмыстармен танысып, Өз атынан қазақтың тарихы қамтылған «Ұлы Дала төсіндегі Ислам» атты еңбегін қолтаңбасымен сыйға тартты.
 
Ардагерлер үйінің жұмыстарымен танысып болғаннан кейін арнайы жайылған ауызашар дастарханында қариялармен сұхбаттасып, қам көңіл қарттардың көңіліне медет сыйлар ақ тілегін жеткізіп:
 
«Ең алдымен қасиетті Рамазан айы баршаңызға құтты, мүбарак болсын. Алланың разылығы үшін ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Бүгінгі қоғамда күллі адамзатқа жетіспей тұрған мінез ол – мейірімділік. Біз сол мейірімділіктің бір үзігін болса да өздеріңізбен бөлісуге келіп отырмыз. Сіздердей қазыналы қарияларымыз аман болсын», – деп, ардагерлерінің үйінің тұрғыны Төлебике Саимқызына және Раиса Қалдыбайқызына барша мұсылманның атынан және Өз атынан үлкен қажылыққа жолдама табыстады. Қаншама мұсылманның арманы болған қасиетті мекенге қажылық сапарының жолдамасына ие болған Төлебике Саимқызы қуаныштан толқып, аналық алғысын айтты.
 
Шара барысында Ардагерлер үйінің директоры Раиса Мұсабекқызы сөз алып, Бас мүфтиге шексіз алғысын жеткізді. Сонымен қатар, кешегі өткен Майлықожаның шөбересі Жәкен Омаров қазақы мәнді терме орындап, қариялардың көңілін көтерді.
 
Ардагерлер үйіндегі ақ тілекпен басталған жүздесу, ақсақалдардың ақ батасына ұласып, Кәрімғали Есімжанұлы ақсақал арнайы бата беріп, ел мен діннің қыруар жұмысы болса да қарттарын ұмытпай дастархан жайып отырған Бас мүфти хазретке зор алғысын жеткізді.
 
Алматы қаласы Орталық мешітінің Баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тақырып бойынша жаңалықтар

Фото: Алматының Бас мешітінде Айт мерекесі ұлықталды
Күллі момын-мұсылманды шат-шадыман қуанышқа бөлеп, әр шаңыраққа Алланың берекесі мен сәлемінің ұшқынын ала келетін Ораза Айт мерекесі Алматы қаласы Орталық мешітінде жоғары деңгейде өткізілді. Таң намазынан бастап ең әдемі киімдерін киіп, хош иістерін себініп, жүздері қуанышқа толған жамағат мешітке...
Бас имам Алматы қаласы жамағатын Ораза айтымен құттықтады!
Барша мұсылманның ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Күндердің сұлтаны болған Жұмамен тұспа-тұс келген Ораза айт мейрамы мүбарак болсын! Тақуалық пен ізгіліктің, жомарттық пен мейірімділіктің айы – қасиетті Рамазанда жасаған дұға-тілектеріңіз бен игі амалдарыңызды Алла қабыл етс...
ВИДЕО: БАС МҮФТИ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қадірменді қауым! Баршаңызды мұсылман үмбетінің ұлық мейрамы – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Қасиетті жұма күнімен қатар келген айт мейрамы құтты-берекелі болғай! Біздің халқымыз рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп қадірлеген. Ал мереке күндері ағайын-жұрт ...
Алматы қаласында Ораза айт намазы 15 маусым күні сағат 06:00-де оқылады
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады. Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады....
Фото: Алматыда сайыс жеңімпазына Ұмра қажылығы табыс етілді
Ислам – білім мен ғылым діні. Жер бетіне түсірілген қасиетті Құранның алғашқы аятының өзі білім алудың маңыздылығын баяндады. Алла Тағала «Алақ» сүресінің 1-аятында: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен!» - деп оқуға, ізденуге маңыздылық беру керектігін ескертті....
Фото: Алматы Орталық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
Алматы қаласы Орталық мешітінде қасиетті Рамазан айымен бірге басталған Құран Кәрімді толық оқу бүгін мың айдан да хайырлы болған Қадір түнінде аяқталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы хатым дұғасын жасады. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Бас мүфти «Байкен» мешітінде Құран хатымға қатысты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті рамазан айында Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан «Байкен» мешітінде болды. Тарауық намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтып, Құран хатым дұғасын жасап ақ батасын берді....
300 отбасыға қайырымдылық жасалды
Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған Алматы қаласы Орталық мешіті қасиетті Рамазан айының қарсаңында 300 отбасыға көмек көрсетті.
АЛМАТЫДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қажы Шоқайдың ұйытқы болуымен қаламгер қауым мен журналистерге Орталық мешіт ауласында ауызашар берілді....
Мешіт аралық Құран жарысы мәреге жетті
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Алматы қаласындағы «Бақыткелді» мешітінің бас имамы Бауыржан қажы Керімбайұлының ұйымдастыруымен және демеушілігімен қасиетті Құран Кәрімнің 30-шы парасының «Фәжр» мен «Нәс» сүресіне дейін «Бақыткелді», «Орбита», «Нұр-Мүбарак», «Бәйкен» мешіттері жамағаты арасында жар...
Рамазан – нұр шашқан ай
Мейірімі шексіз Алладан ұлы Хабар келген қасиетті Рамазан айына арнап Таугүл-3 мешіті әйел-қыздар секторы мен «Жәрдем» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 170 қыз-келіншекке үлкен көлемде ауызашар өткізілді....
Алматы «Әйел-қыздар» секторы
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы Алматы қаласында Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында кездесулер ұйымдастыруда....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
8 Зуль-хиджа 1439
Миләди
20 тамыз 2018
Намаз уақыттары
қазір

Имсак 06:00

Бесінге дейін 01:33

Ерсин Амире: Ислам и Независимость

Ассаламу алейкум! Абу дауд те және т.б. жерлерде келген Мұсылмандардың екі ғана мейрамдары бар ораза

Adilet Adilet
18 авг. 2018

Урок 5. Явное знание и его источники

как я понял в статье говорится о том что разум и внешний мир вступают во взаимодействие, посредством

Abylai Kamzin
17 авг. 2018

Ханафитский фикх по книге "Нуруль-идах ва наджатиль-арвах"

Уа алейкум ассалам уа рохматуллахи уа баракятух. Мы с учётом ваших пожеланий перезаписали уроки и ув

Модератор сайта
15 авг. 2018

Дуа от колдовства, сглаза и джиннов

оте унады. Алла разы болсын!

Nur Yagmur
9 авг. 2018

Тарауих намазы 2018

Осынын шындығы барма алде отирик пе :Құлақ неге шыңылдайды?Мұхаммед Пайғамбар миғраж сапарында алып

galim gg
7 авг. 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi