АЛМАТЫЛЫҚ ҚАРИ АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛДЫ

Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқауы мәресіне жетті.
Дәстүрлі дүбірлі додада Алматылық Есімбек Арсен толық Құранды жатқа оқудан жеңімпаз атанып, 1-орын Автокөлік ұтып алды.
80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблазимов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқауда топ жарған Есімбек Арсенді және ұстаздары мен ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!