«ӘЛИ МҰХАММЕД» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Жетісу ауданы «Әли Мұхаммед» мешітінде «Құран түскен құтты ай» тақырыбында жамағат жастар арасында Құран жарысы өтті.
Құран жарысына Жетісу ауданы бойынша 5 мешіттен 20 шәкірт қатысты. Байқау 30-шы пара бойынша ұйымдастырылды. Жетісу аданының ұстазы Нығметұлы Бейсен, «Абай Құнанбайұлы» мешітінің бас имамы Дүйсебаев Нұрболат және «Әли Мұхаммед» мешітінің бас имамы Ержан Назарбек Құран жарысына төрағалық етті. Нұрболат Дүйсебаев шәкірттердің Құранды тәжуид ережесіне сай оқуына, жаттау қабілетіне және мәнерлеп оқуына баға берілетінін түсіндірді. Шәкірттер жоғары деңгейде нәтиже көрсетті. Топ ішінен үздік атанған шәкірттерге ақшалай сыйлықтар беріліп, сертификатпен марапатталды.
30-шы пара бойынша оқудан:
1 орын - Нұрмахан Нұрасыл (14 жас)
2 орын - Алимов Ильхам (23 жас)
3 орын - Ташбаев Алиакбар (19 жас)
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі