АЛМАТЫ ӨКІЛДІГІ - 2023 ЖЫЛ БОЙЫНША «ҮЗДІК ӨКІЛДІК»
Астана қаласында 22-желтоқсанда Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылдың қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2023» номинациясымен марапаттау рәсімінде басты марапат - «Үздік өкілдік» - Алматы өкілдігі деп танылып, шаһардың бас имамы Төлеби Дәділұлына алғыс хат пен марапат табысталды.
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешіт ұжымын мерейлі марапатпен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алматы өкілдігіне және Орталық мешіт ұжымына ыстық ықыласты сәлемін жеткізді.
Жыл қорытындысы бойынша Алматы өкілдігі «Үздік өкілдік» номинациясымен марапатталса, өкілдікке қарасты «Qamqor Sharapat орталығы» - «Үздік Qamqor Sharapat орталығы» – номинациясына ие болып, орталықтың жауапты маманы Талғат Дайрабайұлы алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік оңалтушы» номинациясы бойынша үздік деп табылған Орталық мешіттің наиб имамы Тимур Алиевке алғыс хат табысталды. Сонымен қатар Орталық мешіттің үш бірдей қызметкеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан алғыс хаты табысталды. Олар: ҚМДБ «Әйел-қыздар секторы» Алматы өкілдігінің жауапты маманы, ұстаз Гүлмира Ілесбайқызы, өкілдіктің баспасөз хатшысы Гүлзира Жидебай және хатшы Мадина Сұлтанмұратованы құттықтады.
«Мүфтият ұжымы бағалаған марапат келер жылға дін қызметкерлеріне ерекше күш пен жігер сыйлайды деп сенеміз», - деп атап өтті Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі