БАС ИМАМ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қала әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Абзал Нүкенұлымен кездесті.
Бас имам кездесу барысында Абзал Нүкенұлын жаңа лауазымымен құттықтап, қала бойынша мешіттерде атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Сонымен қатар ҚМДБ 35 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар мен мешіт қызметтерін жетілдіруге қатысты пікір алмасты.
Айта кетсек, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қала әкімдігінде ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін мәселелерімен айналыспақ.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі