ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің 46-мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Ислам энциклопедиясы ІІ том» және «Пәтуалар жинағы 1-5 том» кітабының тұсаукесері өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дайындаған «Ислам энциклопедиясының» ерекшелігі – Ислам дініне арналған еліміздегі алғашқы көптомдық энциклопедия. Бұйырса бұл еңбектің 5 томын оқырманға ұсынбақпыз. Алла нәсіп етсе, барлық томдары ретімен жарыққа шығып, оқырмандар қолына тиеді деген сенімдеміз» деді Бас мүфти.
Айта кетейік, аталған кітаптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Ислам энциклопедиясы» және «Пәтуалар жинағы 1-5 том» кітабы діни сала қызметкерлері мен ізденуші шәкірттер, ғалымдар және жалпы оқырман қауымға арналған.






