АЛМАТЫ ҚАРИЛАРЫ ТОП ЖАРЫП, АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛДЫ!
Бүгін Ақтау қаласында ХІI республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауында Алматы қаласының атынан сайысқа түскен қарилар топ жарды.
Игі іс-шараның ашылу рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, барша байқаға қатысушыларға сәттілік тілеген болатын. «Бүгін әулиелер мекені – Маңғыстау облысында «Бекет ата» мешітінде республикалық деңгейде қарилар арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан он екінші рет ұйымдастырылып отырған байқаудағы мақсатымыз – қоғамда Құранға деген құрметті арттыру, шәкірттерді Құран жаттауға жігерлендіру, жалпы халыққа Құран құндылықтарын насихаттау» деді Бас мүфти.
Тартысты өткен дүлдүл дода жеңімпазы, яғни 30 пара бойынша Алматы қаласы атынан сайысқа түсіп, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан Абдазимов Нематулла Сауранбекұлы жүлделі 1-орын - су жаңа автокөлік иесі атанды. Сонымен қатар жеңімпаздар қатарында әр номинация бойынша Алматы қаласы атынан түскен қатысушылар жүлделі орындардан көрінді.
Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Абдазимов Нематулла Сауранбекұлы
Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:
V орын – Жұбан Әбілхайыр Ералыұлы
Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:
І-орын Мырзахмет Махмұт Жолдасұлы
Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:
ІІІ-орын Бегімов Сұлтан Шерәліұлы
ҚАРИЛАРЫМЫЗДЫ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі