АЛМАТЫ ӨКІЛДІГІ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ 2024 ЖЫЛДЫҢ ЕСЕБІН БАЯНДАДЫ
Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісінде облыстың бас имамдары 2024 жылдың қорытынды есебін баяндады.
Төралқа жиынында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан өкілдік атқарған 5 бағыт бойынша жұмыс есебін жеке-жеке баяндап, слайд түрінде ұсынды. Атап айтқанда Дін мен дәстүр, Ізгі қоғам, Ихсан және насихат, Діни оқу-ағарту, Жат діни ағымдардан сақтандыру, сонымен қатар Зекет және қайырымдылық бағыты және «Айтулы шаралар» жоспарымен атқарылған жұмыстар легін көрсетті.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің жыл бойына атқарған жұмысына оң баға беріп, алдағы жылдарда қызмет барысына сәттілік тіледі.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі
(суреттер Мүфтият.кз. фототілшісі Қайсардан)