Алматы: наиб мүфти Орбита мешітінде бірлік туралы уағыз айтты
ҚМДБ-ның бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы Алматы қаласы, Орбита ықшам ауданындағы мешіт жамағатымен жүздесіп, еркін пікір алмасты.
Наиб мүфти өз сөзінде күмбезі көкпен таласып, қаланың көркіне көрік беретін кез келген мешіттің көркі – бірлігі жарасқан жамағат екенін айтып, бейбіт өмір мен тыныштықтың кепілі адамдардың өзара ынтымақтастығында жатқанын жеткізді.
Кездесу соңында мешіт жамағаты наиб мүфтидің арқасына ақ шапан жапты.
Мешіт жамағатының мұндай зор құрметіне ризашылық сезімін білдірген наиб мүфти де қазақы салтпен ол шапанды сол мешіттің тұрақты жамағаты, бес уақыт намазын сол мешітте көпшілікпен оқып жүрген ақсақалға жауып, ақ батасын алды.
Соңынан бәрі Алла жамағатымыздың бірлігін күшейтіп, тәуелсіздігімізді мәңгілік етсін деп дұға етті.