Алматы мешіттеріне залалсыздандыру құралдары үлестірілді (ФОТО)
Кеше Алматы Орталық мешітінде төтенше жағдайдан кейінгі сақтық шараларын күшейту және жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында жомарт жандардың демеушілігімен сатып алынған залалсыздандыру құралдары (қорғаныс киімі, бетперде, антисептиктер, су бүркетін моторлы дизенфекция құралы, т.б.) қаладағы барлық мешіттерге үлестірілді.
Қаладағы аудандық мешіттердің өкілдеріне залалсыздандыру құралдарын тарату барысында Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай төтенше жағдайдан кейінгі құлшылық үйлерінің ҚМДБ бекіткен арнайы нұсқаулық негізінде жұмыс істеу керектігін айтып, бірқатар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ мешіттерді уақытылы залалсыздандырып, сақтық шараларын сақтауды тапсырды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі