Алматы: «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 210-шы пәтердің кілті табысталды (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Талғар ауданы, «Жаңалық» ауылында тұратын жеті балалы батыр анаға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 210-шы пәтердің кілті табысталды.
Үйдің кілтін табыстауға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы және «Зекет» қорының өкілдері мен дін мамандары қатысып, батыр ана мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.
Бас имам жаңа баспана иелеріне бата жасап, көрімдігін берді. Ал Алматы Орталық мешітінің жанындағы «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры азық-түлікпен көмек көрсетті.
Батыр анамыз көмек қолын созған және жобаны ұйымдастырған барлық қайырымды жандарға алғысын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі