Кеше, Алматы қаласының Жетісу ауданына қарасты әл-Мадина мешітінде дін қызметкерлеріне арналған кезекті көшпелі жиналыс болып өтті.
Алқалы жиынға Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы мен Орталық мешіт қызметкерлері және Жетісу ауданы мешіттерінің бас имамдары, наиб имамдары, іс басқарушылары және азаншылары қатысты.
Басқосуда ағымдағы жылы ҚМДБ және Алматы Орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысына талдау жасалып, дін қызметкері мен жамағаттың арақатынасы, мешіттердің тыныс-тіршілігі мен ішкі-сыртқы тәртіп мәселелері талқыланды.
Көшпелі жиналысты Бас имам сөз сөйлеп, жүргізіп отырды.
Бас имам өз сөзінде, жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы хазреттің қолдауымен іске асырылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, көшпелі жиналыстың мән-маңызына тоқталып, діни қызмет пен мешіт істерін үйлестіру бойынша ойын айтты.
Сосын әл-Мадина мешітінің ұстазы Дабылов Қайрат аудан мешіттерінің тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті. Ал, Әли-Мұхаммед мешітінің бас имамы Такиров Қанатали діни қызметтегі жауапкершілік және имамның тұлғалық келбеті туралы пікірін білдірді.
Алматы Орталық мешітінің бас ұстазы Сапанов Талғат жыл басында бекітілген тапсырмалар бойынша аудан мешіттерінің атқарған жұмыстарына сараптама жасап, баяндама оқыды.
Соңынан бас имам Жетісу ауданының жақсы көтсеткіштеріне оң бағасын беріп, кейбір олқылықтар мен кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін айтты.
Azan.kz