Алматы: «Исмихан» мешіті 30 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті (ФОТО)
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің «Жүрек жылуы» бастамасы аясында Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты «Исмихан» мешітінде мәуліт айының құрметіне орай 30 отбасыға әлеуметтік көмек (азық-түлік) көрсетілді.
«Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасында «Исмихан» мешітінің наиб имамы Чадаев Маратхан жамағатты шарапаты мол мәуліт айымен құттықтап, Алла Тағала жасаған игі істеріміз қабыл етсін деді.
Әлеуметтік көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлері мен қайырымдылық шарасына атсалысқан жомарт жандарға алғыс білдірді.