Алматыда Бас мүфтидің қатысуымен 100 отбасыға қыстық жылы киім мен азық-түлік табысталды (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қатысуымен Алматы қалалық орталық мешітінде мәуліт айының құрметіне орай «Қыстық жылы киімдерді тарату» қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барысында Бас мүфти мешітке келген жамағатты шарапаты мол мәуліт айымен құттықтады. Сондай-ақ елді ізгілік пен мейірімділікке үндейтін жобаның өтуіне атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді.
Ардақты пайғамбарымыз дүниеге келген мәуліт айында өткен мерейлі шарада жан жылуын сезініп жылы киім мен азық-түлік себеттерін алған отбасылар игі жобаға қолғабыс тигізген барша қайырымды жандар шексіз ризашылықтарын жеткізді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі