Алматы: Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті (ФОТО, ВИДЕО)
ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласының жастар ісі секторы және Жетісу, Алатау, Түрксіб аудандарының ұйымдастырумен қазақтың спорттық ойындарынан жарыс өтті.
Алматы облысы «Жапек батыр» ауылында өткен додалы жарысқа «Камсамол», «Ынтымақ», «Көк Қайнар» сынды ауылдардан 50-ге тарта көкпаршы қатысып, көкпар тарту, теңге ілу, аударыспақ секілді ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынады.
Жарыс жеңімпаздары мен салым салған көкпаршыларға қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.
Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Жарыстың мақсаты – ұлттық спорт ойындарды ойынды дамыту және өскелең жастарды салауатты өмір салтына баулу, дене тәрбиесі мен ұлттық спортқа қызықытыру болды.