ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Еліміздің тәуелсіздігіне жол ашқан Ұлттық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке әрбіріңізге шаттық сыйласын! Тәуелсіздік ұлы нығмет, ал оны сақтау – одан да үлкен жауапкершілік. Ол үшін бірлік, иман, білім және адал еңбек қажет. Әрбір азамат осы жолда аянбай еңбек етіп, ата-баба дәстүрі дәріптеле берсін. Ұлттық мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Қызметте табысты, отбасында бақытты болыңыздар!
Еліміздің егемендігі баянды болсын!
Құрметпен,
Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН