«ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
Ислам дінінің бес негізінің бірі – қажылық жасау. Бұл құлшылық қаражаты мен денсаулығы көтеретін мұсылманға парыз. Құран Кәрімде: «Алла разылығы үшін Қағбаны зиярат етіп, (қажылық қылу) жолына (қаражаты мен денсаулығы) шамасы келгендерге парыз...[1]», - деген аят бар.
Қажылық дегенде көз алдымызға әдетте әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жүз мыңдаған мұсылмандар және көне үй – Қағба мен зәм-зәм суы елестейді. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «...(қабыл болған) қажылық өзінен алдыңғы күнәларды жоқ етеді...[2]» деп айтқанындай, бұл сапар адам өмірін екі кезеңге бөліп жібереді. Қажылыққа дейінгі сіз бен қажылықтан кейінгі қалпыңыз. Осы өзгеріс – қажылық мұраттарының бірі.
Толығырақ «ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ? (azan.kz) оқи аласыз?