«Адалдық – көшбасшылықтың негізі. Адалдық болмаса, қоғамда сенім болмайды. Халықты алдаған басшы ерте ме, кеш пе қолдаудан айырылады, ең бастысы Алланың разылығынан мақұрым қалады».
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Басшылыққа адалдық жоғалса, Қияметті күте бер», – деген. Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміз бойынша діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жарияланды. Осы игі бастама аясында уағыздар мен ақпараттық түсіндірме жұмыстарында әр істе адал болудың маңызы кеңінен насихатталуда. Өйткені адалдыққа ұмтылған қоғам бақытты болары хақ.
Мақаланың толық нұсқасы бас имам блогында