Білім – амалдың негізі
Зайсан
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 04:27
Зайсан
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Зайсан
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:56 04:27 11:25 16:13 18:17 19:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Сафар 1446
Миләди
25 тамыз 2024

Мақалалар

Білім – амалдың негізі

| A | +

Асыл дінімізде білім алудың маңызы ерекше. Өйткені білім – амалдың негізі, мінездің басшысы және түзетуші құралы. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді, білімсіз амалдың да еш пайдасы болмайды. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым.

 

Кез-келген адам құлшылықтарын немесе айналадағы кісілермен қарым-қатынасын түзеткісі келсе, ең алдымен білімді алудан бастауы керек. Содан кейін көркем мінезін қалыптастыратын, нәпсіні түзейтін түрлі білім саласын меңгергені абзал. Алла Тағала білім алудың маңызы туралы қасиетті Құранда бірнеше жерде баяндаған. Қасиетті кітабымызда: «Пенделерінің арасында Алладан қорқатындары – ғұламалар»(«Фатыр» сүресі, 28-аят) делінген.

 

Демек білім пендені тақуалыққа тәрбиелейді, амалын түзетеді. Өйткені адам баласы білім алған сайын Алланы тани түседі. Ал Алланы таныған адам тақуалық жолды таңдайды. Құдайдың құдіретін білгендіктен, Оны мойындағандықтан, күпірлікке бармайды. Асылында адам баласының жамандыққа жол беруі, яғни күнәлі іске бой алдыруы – білімсіздіктен. Білімді адам мен білімсіз адамның арасында үлкен айырмашылық болады. Сол үшін Хақ Тағала: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ала ма?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят) деген.

 

Білім үйрену пенденің дәрежесін көтереді. Хикмет білім арқылы келеді. Дана адам кез-келген мәселені, яғни басына түскен сынақты білімі арқылы сабырмен, көркем мінезбен шешеді. Білімді адам асығыс шешім қабылдамайды. Өйткені мәселенің себебі мен салдарын жан-жақты қарап, оған терең бойлап, оңтайлы шешім қабылдайды. Даналық ойдың негізінде қабылданған шешім өзгенің көңіліне қаяу түсіріп алмауға көмектеседі. Раббымыз білім иесінің дәрежесін көтеретіні туралы Құранда былай баяндаған: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендер мен білім иелерін жоғары дәрежелерге көтереді»(«Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят).

 

Шариғатымыз мұсылманға білім алуды міндеттейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім алу – әрбір мұсылманға (ер мен әйелге) парыз»деген. Өйткені парыз амалдарды толыққанды орындау үшін тиісті деңгейде білім қажет. Сонымен қатар адасқан ағым өкілдерінің идеологиялық шабуылынан аман қалып, ешкімге де еліктемей, иманын сақтап қалғысы келген адам үшін сенімге қатысты білімдерді меңгеру аса маңызды.

 

Қазір заман өзгеруде. Күн сайын технология дамып келеді. Бұл үрдістен басқа-басқа мұсылман қауымы қалыс қалмауы тиіс. Еліміз бен жеріміздің даму жолында өз ісінің майталман маманы бола білген білімді жастардың, дәстүрлі құндылықтарды құрметтейтін парасатты азаматтардың орны айрықша. Өз ісін кәсіби тұрғыда жүргізе алатын көз ашық мамандар көп болса, еліміз өркениетке қадам басады. Білім мен көркем мінезді, ар мен ұятты өз бойына ұялатқан адам елдің көсегесін көгертеді. Бірде Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа Алланың елшісі, ең жақсы адам кім?» деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде» деп жауап берген екен. Осындайда халық даналығында айтылатын: 

 

«Жаман ердің қайғысы, 

Өз отының қасында. 

Жақсы ердің қайғысы, 

Ауылының басында» деген орамдар ойға оралады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) білім алып, біліміне амал етіп, қоғамға шуағын шашып, жақсылығын жайып жүретін көпшіл кісінің мәртебесін ерекше атап өткен. Ахмет Байтұрсынұлы бір өлеңінде:

 

«...Не пайда өнерің мен біліміңнен

Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?!..» деген екен. Яғни әрбір азамат өзінің саласы бойынша елдің өркендеуіне үлес қосса, болашағымыз баянды болмақ.

 

Ата-анамыздың қамқорлығымен немесе мемлекет бөлген гранттың негізінде білім алып, белгілі дәрежеге жетіп, қызметке орналасқан соң, осы игіліктің баршасын елді өркендету жолында жұмсауымыз керек. Өйткені Алла Тағала Құранның «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған.

 

«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» армандаған кешегі 20 жастағы Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді тұлғаларымыздың сөзі елге қызмет етем деген барша азаматқа үлкен ой тастауы тиіс. Өз отбасы үшін уайым шеккен адам Отанның да болашағына жанкүйер болып, ортақ істе азаматтық танытқаны абзал.

 

Белгілі академик, көрнекті ғалым, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынов «Мұнара» газетіне берген сұхбатында мынадай мәселе көтерді: «Қазір теледидарды қосып қалсаңыз, өсек-аяң, жалаңаштық, әдепсіздік, қазақшалап айтқанда, жын-шайтанның ісі сол жерде насихатталып жатыр. Ал еңбек озаттары қайда? Ірі зауыттарға табысты басшылық жасап жүрген директорлар, дүниежүзін мойындатқан ғалымдар мен жазушылар қайда? Оларға ерген талантты жас мамандар қайда? Міне, бізді осы сұрақтар ойландыруы керек. Қай заманда болсын, әр салада жетістікке жеткен адамдар қоғамның абыройлы тұлғаларына айналған. Сондықтан біз білім озаттарын көбірек насихаттауымыз керек. Адами құндылықтар қашан да біліммен, әдеппен, адамгершілікпен өлшенген».

 

Расында қазіргі жастардың еліктейтін адамдары оқу озаттары мен жаңалық ойлап тапқыш ерекше зерек азаматтар, ғалымдар мен ғұламалар болуы керек. Ғалымға ұқсап бағуға тырысқан адамнан ғалым шығады. Біз өз айналамыздағы жастарға, тіпті үйдегі бала-шағамызға білімі арқылы үлкен жетістіктерге жеткен тұлғаларды үнемі үлгі етіп отыруымыз керек. Сонда ғана балада ғылым-білімге деген қызығушылық пайда болады. Біз өз баламызға еліктейтін тұлғаны таңдап бермесек, ертеңгі күні кеш қалуымыз мүмкін.       

 

Кезінде Тоқтар Әубәкіров ағамыз ғарышқа ұшқанда қаншама қазақтың баласы ұшқыш болуды армандады. Бұл өте жақсы, ғибрат алар тарихи оқиға болды. Осы секілді қаншама тұлғаларымызды насихаттасақ, балаларымыз соларға еліктеп, өміріне үлгі тұтып өседі.

 

Мұрат Жұрынов ағамыз айтқандай, адамзат баласы жер бетінде пайда болған дәуірден бері оның ақыл-ойы, сана-сезімі, бүкіл болмысы білім алуға бейімделе бастаған. Ізденіс, зерттеу, әр іске ой жүгірту – адам табиғатында әу бастан көрініс тапқан құбылыстар. Өйткені Алла Тағала адамға ерекше сана берген. Білім алу – мәңгі бақи күн тәртібінен түспейтін мәселе. Неге? Білімді озған, білімсіз тозған заман. Бұл аксиоманы өмірдің өзі дәлелдеумен келеді. Алла Тағала білімді жастарымыздың санын арттырып, еліне, жеріне аянбай қызмет ететін жас өрендерімізге жар болғай! Әмин!

 

Бақдәулет НҰРМАТҰЛЫ,

Шымкент қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #6 Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің қандай еңбектері бар?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж Данияр ЖҰМАБАЕВ. Білім алудың дініміздегі орны
Ислам діні ғылым, білімге қатысты дегенде, бірінші болып келтіретін дүниеміз ол алғаш түскен аяттың өзі «Оқы!» деп басталатындығы. Алла Тағала бір емес үш рет қайталап «оқы, оқы, оқы» деп пайғамбарымызға (с.ғ.с.) оқуды бұйырады. Енді ғұламаларымыз нені оқу керек деген кезде «Жаратқан Раббыңның» атым...
Мәнһәж АБАЙДЫҢ ДІНИ ТАНЫМЫ
Технократия дендеп еніп, жаһандану белең алған заманда озық қоғам мен озат адам қалыптастырудың басты құралы бар, ол – дін. Дінсіз мемлекет, дінсіз қоғам жоқ. Себебі әрбір ұлттың ұлттық құндлығы белгілі бір сеніммен ұштасады. Сол сеніммен адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінің жанын...
Мәнһәж Темірбек ПЕРНЕБЕКҰЛЫ: Мұсылманның бірлігі
Мұсылманның өмірінде бірлік пен татулықтың маңызы үлкен. Бірлік – мұсылмандардың арасындағы ынтымақ пен татулықтың көрінісі. «Бірлік түбі – береке» дегендей, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Бұл жайында қасиетті ...
Мәнһәж Ж.ХАСАНОВ: Кітап оқудың пайдалары
Алла Тағала Құран Кәрімнің «Алақ» сүресінің 1-аятында: «Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы» деп бұйырады. Яғни Жаратушы Иеміздің адам баласына айтқан ең бірінші әмірі мен бұйрығы – «Оқы» деген сөз. Бұл аят бізге адам баласы бір нәрсені түсіну үшін, адамда сол нәрсе туралы білім болу керектігін ұғынд...
Мәнһәж Төрәлі ҚЫДЫР: Алтын Орда – дәстүрлі дініміздің діңгегі
М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, доцент Төрәлі ҚЫДЫРМЕН болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз....
Мәнһәж Қадір түнін үйде қалай өткіземіз?
Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Бүгін мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамыз. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз б...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Сафар 1446
Миләди
25 тамыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 04:27

Бесінге дейін 02:59

23. Способы борьбы с нафсом

Allahu Akbar!

Darkhan Zhursin
19 там. 2024

18. Предсмертный миг

МашааАллах

Darkhan Zhursin
17 там. 2024

Глава 3: Переселение в Эфиопию и козни курайшитов

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их близ

Амир Холматов
12 там. 2024

Глава 1: Происхождение Мухаммада ﷺ и его жизнь до начала пророчества

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их бли

Амир Холматов
10 там. 2024

Глава 2: Начало пророчества. Первые мусульмане. Противостояние.

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их бли

Амир Холматов
10 там. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi