Рамазан жайлы сұрақ-жауап
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
| A | +
00-Podgotovka_k_Ramadanu

Рамазанға дайындық

Рамазан – ислам ай күнтізбесіндегі ең танымал ай. Бұл тоғызыншы қасиетті ай – ораза мен құлшылық уақыты.

 

Рамазан сондай-ақ Құран айы болып табылады, себебі Рамазан айында Құран аспанға Тағдыр тақтайшасынан түсірілген. Інжіл, Забур, Таурат секілді қалған барлық Қасиетті кітаптар да осы айда түсірілген.  Сондықтан осы айда мұсылмандар Алланың сөзін көбірек жеке оқиды және түнгі тарауық намаздарында Құранды түгелімен оқып шығуға амал жасайды.

 

Бірақ барлығынан да Рамазан айы ауыз бекітумен белгілі (оразамен). Мұсылмандар үшін ауыз бекіту – бұл «диета» ұстау емес, керісінше тәуліктің күндізгі уақытында ішіп-жеуден, артық сөзден (сондай-ақ жыныстық жақындықтан) толығымен бас тарту. Ауыз бекіту әрбір мұсылман үшін парыз, алайда оны белгілі себеппен бұзуға болатын жағдайлар да баршылық. Исламның маңызды бөлігі ораза – біздің дініміздің теріске шығаруға жол берілмейтін тірегі.

 

Мұсылмандарға ораза ұстау Құранда бұйырылған:

 

«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетесіңдер!» («Бақара» сүресі, 183 аят).


Ауыз бекіткеннен кейін кешкілік ас ішу ифтар (ауызашар) деп аталады. Әдетте, Рамазанда мұсылмандар екі мезгіл ғана тамақ ішеді. Алғашқы ас қабылдау кешкілік  -ифтар, ал екіншісі таң алдында -  сухур. 

 

Біз ауыз бекітуге оразаның әрбір жаңа күнінің алдында ниет етеміз (Рамазандағы оразаға ниет дахватуль-кубра уақытына (бесін намазы уақытының кіруіне 40-50 минут қалғандағы уақыт) дейін жарамды , сондай-ақ Рамазанның толық айына да бір ғана ниет алу да рұқсат етілген. Бұл сенің ертең немесе бүгін Рамазанда ораза ұстайын деп жатқаныңды сезіну. Оны дауыстап айтпауға да болады, дегенмен келесі түрде атқан абзалырақ, мысалы:

 

«Ниет еттім Алла тағаланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын (ертең немесе бүгін) ұстауға».

 

Адамдардың кейбір санаты белгілі бір жағдайларда ораза ұстау міндетінен босатылады: мысалы, жолаушылар, ауру-сырқау адамдар, жүкті және бала емізетін адамдар. Қаза етілген оразаны Рамазан айынан кейін, оразаға кедергі келтіретін жағдайлар мойындарынан түскеннен кейін өтеу қажет: емізу тоқтатылғанда, жол жүрмегенде және тағы басқалары. Әйелдердегі ерекше жағдайда етеккір кезінде оларға ауыз бекітуге болмайды (харам), бұндай ораза есептелмейді. Егер ауру ауыр дәрежеде және созылмалы болса, сонымен қатар адамның сауығып кетуіне үміт жоқ болса, оған  фидья – ақшаның белгілі түрі ораза орнынан төлеуге болады (толығырақ – «Сырқаттану себебі бойынша» бөлімінде).

 

Жоғарыда айтылғаннан ораза ағзаға сырттан бір нәрсенің келіп түсуінен бұзылатыны айқын болады. Осылайша, ас қабылдау, дәрі-дәрмек, ингаляция және шылым шегу, клизма және жыныстық қатынас оразаны бұзатын жағдайлар болып табылады. Алайда бұл жерде көптеген өзгешеліктер мен ерекшеліктер бар. Мысалы, емдік уколдар (бірақ дәрумендік емес) және құлаққа су кіру – оразаны бұзбайды. Жан-жақты білу үшін «Оразаның бұзылуы» бөлімін қараңыз.

 

Ораза – бұл тек адамның өз-өзін ұстауы емес.  Бұл біздің барлық құмарлығымызды басу. Бірінші кезекте, бізге күнәлардан аулақ болуымыз қажет: ғайбат, жала, ашкөздіктен және т.б. Дене оразасына қарағанда, күнәдан аулақ болуы күндіз ғана емес, түнде де міндетті, яғни барлық Рамазан бойы (және бұл оразадан кейін тәртіп пен әдептің бір бөлігі болуы қажет).

 

Рамазан – өз өміріңде бір нәрсені өзгертуге жақсы уақыт: егер сіз әдетте намаз оқымасаңыз, таңғы намазға тұруды бастау, хиджаб киюді бастау, Қасиетті Құраннан қандай да бір мөлшердегі бетті оқу әдетіне ие болу.

 

Рамазан туралы айтқанда, тарауық-намазды айтпай өтіп кетпеуге болмайды. Бұл Рамазанның түнгі уақытында жасалады және жиырма рәкағаттан тұрады. Ер адамдар оны мешітте жамағатпен оқиды, ал әйелдер мешітке келмей, үйде оқиды, себебі әйелдер қауымы үшін хайырлы және мол сауапқа кенелетін намаз ол үйінде жасалған намаз болып табылады.

 

Егер сіз оразаны Рамазан айында алғашқы рет ұстап отырған болсаңыз, онда сізге осы ай мәңгі есіңізде қалмақ. Рамазан бізді жұмсақ және сабырлы етеді, тіпті дана етеді десе де болады. Күш-қуатыңызды жаттықтырыңыз және оразаны бұзбаңыз, садақа беріңіз, жанжалдаспауға және дауласпауға тырысыңыз. Алла тауфиқ берсін (жәрдем).

 

01-O_Ramadane

Рамазан туралы сұрақтар

Сұрақ: Рамазанның артықшылықтары жөнінде не оқуға болады?

 

- Біздің кітапханамыздағы «Рамазанның артықшылықтары» кітабын ұсынамыз.

 

Сұрақ:  Қадір түні жылдың кез-келген уақытына келеді деген рас па?

 

- Бұл сахаба Ибн Масғудтың (р.а) пікірі болған, кімде-кім әр түні тахаджуд намазына  тұрса, қадір түнін табады деген («Сахих» Муслим, № 1782 хадис). Бірақ негізгі және ең кең таралған ой – бұл Рамазан айының 27-ші түні.

 

Сұрақ: Мен рамазан уақытында қайтыс болғандардың қабірдегі азабы тоқтатыла тұрады дегенді естідім. Бұл рас па?

 

- Хафиз Ибн Раджаб бұл хабарды әлсіз иснадпен (жеткізуші тізбегі) жеткізеді, оны әлсіз ретінде имам Байхақы өзінің жинағында Әнас ибн Мәліктен (р.а) былай айтқанын жеткізеді:

 

«Шындығында, Рамазан уақытында қабір мекендеушілері үшін қабір азабы тоқтатылады» (Ахваль аль-кубур, 105-106-б.; Шарх ас-судур, 254-б.).

 

Сондай-ақ, кім Рамазан айында қайтыс болса, қабір азабынан қорғалатын болады деп айтылады. Бұл Рамазан уақытында Тозақ есігі жабылатын және Жұмақ есігі ашылатын хадисінен келтіріледі («Сахих» Бухари, № 3277 хадис).

 

Сұрақ: Егер адам оразаның бір күнін үзірсіз жіберіп алса, ол оны өмір бойы ораза ұстаса да толтыра алмайды деп айтылған хадистің толық мәтінін келтіріп бере аласыз ба?

 

- Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізеді:

 

«Кімде-кім қандай да бір үзірсіз және сыртқаттану себебінен емес Рамазанның бір күн оразасын жіберіп алса, оны барлық қалған өмірінде ораза ұстаса да орнын толтыра алмайды» («Сунан» Насаи, № 3265, № 3271 хадис; «Сунан» Әбу Дәуд, № 2388 хадис және басқалары).

 

Бұл хадис әлсіз, бірақ күнәдан сақтануға келеді. Оны  Әли және Ибн Масғудтан (Алла олардың екеуіне де разы болсын) жеткізілетін хабар қолдайды («Мусаннаф» Ибн Аби Шейб, № 9877, № 9878 хадис).

 

Имам Бухари да оның әлсіздігін көрсете отырып,  «Сахихта» тарауының атауында бұл хадисті келтіреді. Демек, бұл хадис әлсіз болса да жүгінуге болады, кері жағдайда имам Бухари оның әлсіздігін көрсетпеуші еді, оны мүлдем жоққа шығарушы еді («Мукаддим» Ибн Салях, 25-б.).

 

Ескерту:

 

Бұл хадисті Рамазанда өткізіп алған адам оразаның орнын толтырмауға деген ниетін растау үшін пайдалануға болмайды. Хадисте Рамазанда адамға берілетін сауап, берекет және әртүрлі рухани игіліктерді жамағатпен намаз оқу жағдайындағы секілді басқа уақытта алуға болмайды: егер адам жалғыз өзі жиырма бес намаз оқыса да, оның игілігін ала алмайды.

 

Қараңыз: Имам Тахауидің «Мушкиль аль-асары» (4-т., 180-б.), «Тахзибат-тахзиб» (9-т.,  204-б.).

 

Сұрақ: Рамазан уақытындағы әрбір сәждеге (жерге маңдайын тигізу) адам жай уақыттағы мың жарым сәжде сауабын алады және жетпіс мың періште Рамазанда ораза ұстаған адамға дұға тілейді деп айтылған хадисті естіп едім. Олар дұрыс па?

 

- Жоғарыда айтылған екі хадис имам Байхақының (Алла оны рақымына алсын) «Шу’аб аль-иманда» келтіріледі (№ 3362 хадис) және иснады әлсіз. Сондықтан, осы хадистерді келтіре отыра, имам Байхақы оны басқа белгілі хабарлар қолдайды деп түсіндірген.

 

Оның (имамның) сөзі келесідей:

 

الأحاديث المشهورة تدل على ما قد روينا في هذا أو المشاكل معناه


«Осындай немесе жақын мағынаға ие басқа да танымал хадистер бар».

 

Алляма Мунзири (Алла оны рақымына алсын) да осы хадисті «Таргибте» оның әлсіздігін көрсете отырып келтіреді (2-т., 93-94-б.).

 

Басқа хабарлар да осы әңгімелерді растайды:

 

1. Хафиз Ибн Раджаб (Алла оны рақымына алсын) былай атқан әйгілі  табиғин Ибрахима Нахаидың (Алла оны рақымына алсын) сөзін жеткізеді:

 

«Рамазанның бір күн оразасы мың оразадан да (басқа уақыттағы) артық, Рамазандағы бір тәсбих (өзге уақыттағы) мың тәсбихтен артық және осы уақыттағы бір рәкағат намаз (басқа уақыттағы) мың рәкағаттан артық» (Латаиф аль-маариф, 286-б.).

 

2. Абдуллах ибн Умар (Алла екеуіне де разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқанын келтіреді:

 

«Алла сухурға тұратын адамдарға ерекше рақымын жібереді және Оның періштелері оған дұға жасайды». («Сахих» Ибн Хиббан, Аль-Ихсан, № 3467 хадис).

 

Бұл хадисте періштелердің (қандай да бір ерекше саны нақтыланбаған) ауыз бекіткен адамға дұға жасайтыны айтылған.

 

Сұрақ: Бір иудейдің Рамазанға өте құрмет көрсеткені жайлы әңгіме бар. Оның ұлы көшеде тамақ жеп жүргенін көрген ол, сол уақытта оны ұрып жіберіп былай айтқан екен: «Сен мұсылмандардың қазір күндіз тамақ жемейтінін білмейсің бе? Сен оларды келемеждеп тұрсың ба?» Бір тақуа адам қайтыс болғаннан кейін Жұмақтағы осы иудей түсіне кірген. Сол адам таңғалып: «Қалай ол Құдайға сенбейтін бола отырып Жұмақта болған?»,-деген. Алайда иудей оған Рамазанға құрмет үшін Алла оған қайтыс болар алдында  шахада (куәлік) айтқызғанын және оның жанын мұсылман болған соң алғанын түсіндірген.

 

- Дереккөзінің жоқтығына қарамастан, осыған ұқсас әңгімелерді ойлап табылған деуге келмейді. Дінге және оның белгілеріне әдеп көрсету өте маңызды. Керісінше, құрметсіздік көрсету адам үшін қауіпті. Адамға танытқан әдебі үшін рақымдылық танытқаны жөнінде көптеген хабарлар бар.

 

Ғалымдар осыған ұқсас шабыттандыратын әңгімелерді келтіру үшін дереккөз нақтылығын тексеру міндетті емес екенін көрсеткен.

 

Сұрақ: Әлеуметтік желілерде келесідей пікірлер өте танымал болып отыр: «Егер кімде-кім Рамазанның алғашқы жұмасында қырық рет шахада айтса, ол қажылық сауабындай сауап алады. Ал кімде-кім бұл амал туралы басқа адамдарға айтып беретін болса, екі қажылық сауабын алады». Бұл хадис пе?

 

- Сенімді хадистер жинағында осыған ұқсас жоқ.

 

Олардың сенімді көздерден дұрыстығы анықталмағанға дейін осыған ұқсас хабарларды беруден алыс болған абзал. Әсіресе осы хабарды жібергені үшін амалдың өзіне қарағанда екі есе сауап уәде етілген деген факті алаңдатады. Осыған ұқсас жайлар сенімді хадистерде айтылмаған. Кейбір адамдардың әлеуметтік желілерде өздерінің постарын танымал ету үшін осыған ұқсас нақыл сөздерді келтіретіні өте өкінішті.

 

Сұрақ: Құран оқығанда дәрет болу қажет пе?

 

- Құран оқу үшін және оны ұстау үшін үлкен дәрет те (ғұсыл) және кіші дәрет те (вуду/тахарат) қажет.

 

Сұрақ: Құранды  телефоннан дәретсіз оқуға болады ма?

 

- Ия, Құранды телефоннан кіші дәретсіз оқуға рұқсат, себебі осы жағдайда сіз Құранның парақтары мен аяттарын емес, телефон экранын ұстайсыз.

 

Сұрақ: Құранды  ғұсылсыз оны ұстамай оқуға болады ма?

 

- Құранды кез-келген жағдайда, тіпті жатқа білсеңіз де оны дауыстап айтуға ғұсылсыз рұқсат етілмеген (харам).

 

Сұрақ: Хатым Құран деген не?

 

- Бұл оны басынан бастап соңына дейін толығымен оқып шығу. Рамазан оразасы айында Алланың сөзін көп оқыған, әсіресе оны толығымен оқып шығу абзал.

 

Сұрақ: Толығымен оқып шығу үшін күніне қанша беттен оқу керек?

 

- Құран 600 беттен тұрады. Егер сіз оны 30 күнге бөлсеңіз, онда күнінен 20 бет шығады. Егер бұл қиындау болса, онда сіз бір күн ішінде 5 намазға бөлесіз және осылай сізге жеңілірек болады.

 

Егер сіз Рамазанда әрбір намаздан кейін 4 беттен оқитын болсаңыз, сіз Құранды толығымен оқып шығасыз.

 

Егер сіз Құранды екі рет оқығыңыз келсе, онда әрбір намаз алдында және кейін 4 беттен оқу керек.

 

Сұрақ:  Хатым аяқталғаннан кейін қандай дұға (тілек) оқу керек?

 

- Хатым жасалғаннан кейін оқылатын дұға:

 

Транскрипциясы:

 

«Садақа’ллаху’ль-‘азым уәбәлляға Рәсулуху’ль-кәрим. Уәнахну ‘aлязаликя минә’ш-шәһидиин. Раббәнә әмәнна бима әнзалтә уәттәбәънәр рәсуллә фәктубнә мәъаш шәһидиин».

 

Аудармасы:

 

«Шүбәсіз, Алла - Құдыретті, Дана Ақиқатты көрсетті. Пайғамбар (оған сәлем болсын) бізге жеткізді. Біз осы жағдайдың куәсінің бірі болып табыламыз. Уа, Раббымыз! Түсіргеніңе иман келтірдік және елшіңнің соңынан ердік (оған сәлем болсын). Бізді куә болушылардың қатарына жазғайсың!».

 

(«Әли Имран», 3/53)

 

Хатым дұғасын оқуға кірісер алдында «Нәс», «Фатиха»  сүрелерін және «Бақара» сұресінің алғашқы 5 аятын оқу сүннет болып табылады.

 

- Осыған қатысты Убей бин Қаағб келесіні айтқан:

 

«Алла Елшісі (оған сәлем болсын) «Нәс» сүресін оқыды, одан кейін «Фатиханы», ал содан кейін «Бақара» сүресін «уәууликә һумул муфлихуун» дейін оқыды, бұдан әрі хатым дұғасын жасады, содан кейін барып қана орнынан тұрды». (Суюти, Иткан, I, 313)

 

Алланың Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Құранды оған лайықсыз жағдайда қалдырмау үшін, яғни оны сақтау мақсатында жасағаны жеткізіледі. (Куртуби, Тафсир, I, 30)

02-Nachinayshim

Бастаушыларға

Сұрақ:  Оразаның ниеті не болып саналады?

 

- Оразаға ниет: “Ниет еттім Алла тағаланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таңның атысынан бастап күннің батысына дейін ұстауға”. Алайда ниет осындай оразаны ұстауға сезіну де бола алады. Бұл жағдайда дыбыс шығарып айту міндетті емес.

 

Сұрақ:  Рамазан айының барлық күнінен бірден ниет етуге болады ма?

 

- Ия, ханафи мәзһабы бойынша Рамазан айының барлық оразасына ниет етуге болады, бірақ күнделікті ниет етуге де болады. Бұл жағдайда ниетті келесі түрде айтуға болады: «Ниет еттім Алла тағаланың разылығы үшін Рамазан айының осы күнінің оразасын таңның атысынан бастап күннің батысына дейін ұстауға».

 

Сұрақ:  Рамазан айында мұсылман адам сухурға және таң намазына (фаджр) ұйықтап қалды және таңғы сағат тоғызда бір-ақ оянды. Ол қай уақытқа дейін оразаға ниет ете алады?

 

- Дахуатуль-кубра уақытына дейін – бұл күн тас төбеге шығар алындағы уақыт. Есептеп шығару жолы: мысалы, таң 4:07-де, күннің шығуы 5:37-де, бесін намазының уақыты 12:43-те; таңнан күн шыққанға дейін 1 сағат 30 минут болады, яғни 90 минут, уақыттың жартысы бұл 45 минут; бесін намазы уақтынан 45 минутты шегереміз (12:43 - 45) және 11:58 болады – бұл дахуатуль-кубра уақыты.

 

Сұрақ:  Ораза кезінде мисуак пайдаланудың үкімі қандай?

 

- Ханафи мәзһабы бойынша мисуакты ораза ішінде кез-келген уақытта пайдалануға болады.

 

Мисуак – Пайғамбарымыз (ﷺ) тістерін тазалау үшін пайдаланған бұтақтың арнайы түрі, көптеген пайдалы емдік құрамға ие.

 

Сұрақ: Сухур уақыты таң намазы - фаджр басталғанда аяқталады ма? Немесе күн шыққан уақытта ма (яғни фаджр намазының аяқталуынан кейін бе)?

 

- Сухур таң намазы - фаджр басталғанда аяқталады. Сухурды фаджр басталмас бұрын тіс тазалап және ауыз шаюға үлгеру үшін 10 минут қалғанда аяқтаған абзал.

 

Сұрақ: Егер мен намаз оқымасам, менің оразам жарамды ма?

 

- Ораза (оның ережелері мен ұйғарымдарын сақтаған жағдайда) жарамды, себебі намазды орындау оразаның жарамдылығының шарты болып табылмайды. Бұл әртүрлі және бір біріне байланысы жоқ құлшылық түрі.

 

Сұрақ: Рамазан айының басында үш күн, ортасында үш күн және аяғында үш күн ауыз бекітсе, онда бір ай ораза ұстаған болып саналады ма?

 

- Мүлдем дұрыс емес. Қасиетті Рамазан айында әр күні ауыз бекіту қажет.

 

Сұрақ: Ифтар алында не айту керек?

 

ذَهَبَ الظَّمَأُ، وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ، وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللَّهُ

 

Транскрипциясы: 

 

«Зәһәбә-з-замә-у уә-бтәлләтил-`уруқ, уә сәбәтә-л-әжру ин ша-а-Ллаһ».

 

Аудармасы: 

 

«Шөл басылды, тамырлар нәр алды, әрі, Аллаһ қаласа, сауап та күтіп тұр».

 

(Әбу Дауд, 2357)

 

Сұрақ: Тамақтанар алдында оқылатын дұға?

 

Транскрипциясы:

 

 

«Аллаһуммә, бәрик лә-нә фи-һи уә ат-ъимнә хайран-мин-һу!»

 

Аудармасы: 

 

«Я, Аллаһ! Бұны біз үшін берекелі ет және бізді бұдан да жақсысымен тамақтандыр!»

 

Сұрақ: Ораза уақытында немен айналысқан абзалырақ?

 

- Егер мүмкін болса өзініңіздің әдеттегі кестеңізді ұстаныңыз: ораза айы ұйқы және қомағайлық айы болмауы тиіс, мұсылман адам демалыс алса, күннің көп бөлігін ұйқымен өткізеді, ал түнде ифтарларға қонаққа барады. Алайда Рамазандағы демалыс  - бұл қасиетті айды сезіну және терең бойлау үшін керемет кезең болып табылады.

 

Уақытыңыздың көбін құлшылықпен өткізіңіз, зікір (Алланы еске алу) санын арттырыңыз, күнделікті ритміңізге нәпіл намаздарын қосыңыз. Оқу үшін діни кітаптар тізімін жасаңыз. Көп дұға (жалбарыну) жасаңыз және Алладан кешірім сұраңыз. Сондай-ақ ифтарда көп тамақ ішпеңіз және сухурға ояныңыз.

 

Егер сіз ер адам болсаңыз, Тарауықты жіберіп алмаңыз және егер сіз әйел адам болсаңыз тарауыққа үйде болыңыз – бұл үшін әйелге үлкен сауап бар. Әлбетте, Рамазанның соңғы он күнін өткізіп алмаңыз!

 

Сұрақ:  Егер мен сухурға ұйықтап қалсам, оразам жарамды ма?

 

- Ия, сіздің оразаңыз жарамды.

 

Сұрақ:  Сухур және на ифтарға не жеген дұрыс?

 

- Су мен құрма. Құрма жоқ болса, онда дәрумендерге бай кептірілген жемістерден бір тәтті тағамды.

 

Хадисте былай айтылған:

 

«Пайғамбар () оразасын магриб намазын оқу алдында жаңа піскен құрмамен ашқан. Егер онда жаңа піскен құрма болмаса, ол құрғақ құрмамен оразасын ашқан. Егер ол да болмаса, ол аузын бірнеше жұтым сумен ашқан».

 

Имам Тирмизи және Имам Әбу Дауд бұл хабарды Әнас ибн Мәліктен (р.а). жеткізген (Сунан Тирмизи, 696 хадис және Сунан Әбу Дауд, 2348 хадис. Имам Тирмизи бұл хадисті сенімді (хасан) деп атаған).

 

Сұрақ:  Рамазан кезінде неке қиюға болады ма?

 

- Ия, Рамазан кезінде неке қиюға рұқсат етілген.

 

Сұрақ: Мен спортпен айналысамын. Рамазанда жаттығуды қалай өткізген дұрыс?

 

- Ифтарға жақын уақытта дайындалыңыз, мысалы, жамағатпен екінті және шам намаздарын өткізіп алмау үшін, жарты сағат қалған кезде. Шамадан көп жаттықпаңыз, әсіресе кардио тұрғысынан.

 

Егер сіз спорттық тамақтануды қолдансаңыз, онда сухурге казеинді протеин ішуге болады, ол басқаларға қарағанда ақырын қорытылады.

 

Сұрақ: Ораза кезінде ауызды сумен шаюға болады ма?

 

- Ия, бірақ бұны су жұтып қоймау үшін мұқият жасау керек.

 

Сұрақ: Ораза кезінде тіс пастасымен тісті тазалауға болады ма?

 

- Ораза кезінде тісті тазалауға тыйым салынбаған. Алайда тісті тазалау уақытында суды, пастаны жұтып қоймау үшін аса мұқият болу керек, әйтпесе ораза бұзылады. 

 

Сұрақ: Ораза кезінде сағыз шайнауға болады ма?

 

- Жоқ, ораза кезінде бұны жасауға болмайды.

 

Сұрақ: Рамазанның түнінде жыныстық қарым-қатынасқа түсуге болады ма?

 

- Болады. Жыныстық қарым-қатынасқа тыйым ораза уақытына, күндізгі тәулікке таң атқаннан бастап кеш батқанға дейін қатысты.

 

Сұрақ: Ораза кезінде тырнақ пен шаш алуға болады ма?

 

- Болады.

 

Сұрақ: Егер күн ұзақ болса су ішуге болады және бұл оразаны бұзбайды дейді. Рас па?

 

- Жоқ, дұрыс емес. Оразаның шартының бірі – құрғақ ашығу. Суды таңның атысынан бастап күн батқанға дейін ішуге болмайды, әйтпесе бұл оразаны бұзады.

 

Сұрақ: Рамазан жаз уақытында болса, ауызды мекке уақытымен ашуға болады ма?

 

- Болмайды. Ресми діни басқармамен (ҚМДБ) шығарылған кестеде көрсетілген тұрғылықты өңірдің уақытымен ораза ұстау керек.

 

Сұрақ: Ораза кезінде маған әйелімді сүюге болады ма?

 

- Егер сүю ұрық шығуға немесе жыныстық қатынасқа түсуге әкелетін болса, одан бас тартқан абзал. Алайда сүюдің өзі оразаны бұзбайды. Бірақ адам ораза кезінде жұбайының сілекейін жұтып қойса, онда оның оразасы бұзылады.

 

Сұрақ: Мен сұрап білгім келеді, жаз кезінде күн мүлде шықпайтын Исландия секілді жерде тұратын адамдар оразаны қалай ұстайды?

 

- Ғалымдардың ойлары жазда күн шықпайтын, ал қыста мүлдем пайда болмайтын заполярлы ендікте қалай ораза ұстауға болатыны жөнінде көзқарастарда екіге бөлінді. Төменде біз осы пікірлерді келтіреміз. Мүфтий Рашид Ахмад Людьяни (Алла оны рақымына алсын) адамға осы ойлардың біреуін таңдауға рұқсат беруге болады деп санаған:

 

1. Шафиғи мәзһабының пікіріне сүйенуге болады, оның ғалымдары күн мен түнде айырмашылық бар жақын жергілікті жер бойынша күннің бату мен шығу уақытына сүйенуге болады деп есептейді, яғни нақты түрде адам бір нәрсе жеуге үлгеру уақытының қысқа аралығынан басқа, оразаны жиырма төрт сағат дерлік ұстауға тиісті.
 

2. Әрбір жиырма төрт сағатта адамға оразаны үзуге және бір нәрсе жеуге рұқсат етіледі, яғни алғашқы екі тармақтағы шешім бірдей дерлік болады.
 

3. Күн мен түннің арасында айырмашылық бар болған жылдың мезгілінде оразаны өтеуге рұқсат етіледі.
 

4. Осы елді мекенде жылдың соңғы күнінде күн мен түннің арасында айырмашылық бар болған кезде, екінті намазының басталуы мен күннің батуы арасындағы уақыт аралығын есептеу қажет. Поляр күнінің басталуымен осы уақыттың келіп жетуінен кейін ифтар жасауға болады (Ахсан аль-фатава, 2/113).

03-Detyam

Балаларға

Сұрақ: Менің жасым сегізде. Маған Рамазанда не істеу қажет?

 

- Ең абзалы - бұл ораза ұстау. Күндіз ауыз бекіту қиын болмас үшін сухурға тұруды ұмытпа. Және де, әрине барлық күн сайынғы парыз намаздарын орында.

 

Анаңа үйдің жұмыстары бойынша қолғабыс ет, ифтарды дайындауға көмектесуге де болады (сен ұл бала болсаң да, онда тұрған ұят ештеңе жоқ, ас даярлау білу – бұл керемет қой!).

 

Осы айда Құранды көп оқуға тырысу, садақа беру және көп қайырымды істер жасау керек: туыстарға және достарға жақсы сөз айту, жымию, зікір айту, біреуге дауыс көтермеу және ешкіммен жанжалдаспау. Және ата-ананы тыңдау керек.

 

Сұрақ: Күн ұзақ, менің қатты тамақ жегім келеді. Маған шам намазына дейін тамақ жеуіме болады ма?

 

- Егер бала қатты аш болса, онда оған шамға дейін тамақ жеуге болады. Асылында ол үшін ораза парыз амал болып табылмайды, бастысы оны оған үйрету.

 

Сұрақ: Рамазанда ойнауға болады ма?

 

- Өз шегінде ойнауға болады, себебі белсенді ойын кезінде дене көп су жоғалтады, сәйкесінше суды қатты ішкісі келеді.

04-Sestram

Әйелдерге

Сұрақ: Егер әйел Рамазан күндерінің бірінде етеккірден (хайыз) тазарса, оның келесі іс-әрекеті қандай?

 

- Тазарған соң ол сол күні Рамазанға құрметі үшін оразаны бұзатын барлық нәрселерден сақтанады. Және оған осы күнді қосқанда, оразаның барлық қаза күндерін өтеу қажет.

 

Сұрақ: Егер әйелде Рамазан күндерінің бірінде етеккір басталса, ол не істеуі тиіс?

 

- Ол оразаны тоқтатуы тиіс, кейін осы күнді өтейді. Оразаны боямалауға (яғни тамақ жемеу және су ішпеу) болмайды, су ішу, сыртқы іс-әрекетпен оразаны бұзу керек.

 

Сұрақ: Әйелдің жыныс мүшелеріне су кіріп кету оразаны бұзады ма?

 

- Жоқ.

 

Сұрақ: Гинекологтың қабылдауына бару оразаны бұзады ма?

 

- Жоқ.

 

Сұрақ: Ораза ұстап жүрген әйелге Рамазанның күндізгі уақытында тамақтың дәмін білуге болады ма?

 

- Бұл әрекет оразаны бұзбайды, бірақ ол күйеуі тамақты өте талғап ішетін және тиісінше дайындау үшін дәмін тату қажеттілігі жағдайларын қоспағанда ұнамсыз сипатқа ие. Бұл жерде әңгіме тамақты жұтуда емес, тек дәмін татуда болып отыр.

 

Дәмін көру кезінде тамақты жұту оразаны бұзады және тыйым салынған.

 

Сұрақ: Рамазанда күндіз макияж қолануға болады ма?

 

- Егер бұл үйде жұбайының немесе махрамдарының алдында болса, онда болады. Басқа жағдайларда – жоқ. Рамазаннан тыс кезде де солай болуы қажет.

 

Сұрақ: Рамазанда ораза уақытында денеге крем жағуға болады ма?

 

- Болады, бұл оразаны бұзбайды.

 

Сұрақ: Етеккірлері басталған екі әйелге Рамазанда күндіз бірге түскі ас ішуге болады ма?

 

- Болады, бірақ бұны қоғамдық орында жасамағаны абзал.

 

Сұрақ: Егер әйел хиджаб кимесе, оған ораза ұстауға болады ма?

 

- Ол ораза ұстауға міндетті.

 

Сұрақ: Менің аяғым ауыр. Маған ораза ұстауға болады ма?

 

«Жолаушылар жартылай намаздан босатылған, ал жүктілік кезінде және бала емізетін әйелдер оразадан толығымен босатылған» (Тирмизи, Саум, 21; Ибн Мәжа, Сыйам, 12; Насаи, Сыйам, 51).

 

Ораза ұстау жүктілік кезінде және бала емізетін уақытта әйелдің өзіне де, балаға да зиян келуі мүмкін, сонда жүкті және бала емізетін әйелдерге ораза парыз етілмейді. Ізінше, егер емізу және жүктілік уақытында өз денсаулығына немесе болашақ сәбидің денсаулығына зақым келеді деген қорқыныш бар болатын болса, оразаны кейінге қалдыруға және кейін орнын толтыруға болады. Әйелдердің осы екі санатына ораза парыз болмағандықтан, олар оны басқа уақытта өтеуге тиіс. Егер олар бұны жасай алмаса, онда фидья төлейді. 

 

Сұрақ: Мен бала еміземін. Маған ораза ұстауға болады ма?

 

- Болады, толығырақ өткен жауапта.

 

Сұрақ: Мен бала еміземін және ораза ұстап жүрмін, бірақ сүт аз болады ма деп қорқамын. Маған оразаны үзу қажет пе?

 

- Егер өзіңіздің денсаулығыңызға немесе баланың денсаулығына қорқыныш бар болатын болса, онда оразаны үзуге болады. Бірақ әдетте ораза күннің ұзақтығымен соңына қарай болмаса, омырау сүтінің мөлшеріне маңызды ықпалын тигізбейді.

 

Сұрақ: Рамазанда балаларды неге баулыған дұрыс?

 

- Рамазанда алғашқы кезекте, балаларға оразаның құндылығын және өзіңді қалай ұстау керек екенін өзіңіздің жүріс-тұрысыңызбен көрсетіңіз. Балаларға Рамазан туралы кітап оқып беріңіз (егер олар жеткілікті түрде ересек болатын болса «Рамазанның құндылығын» оқуға болады), ифтарға дұға үйретіңіз, бірнеше жаңа сүре жаттатыңыз.

 

Сұрақ: Ифтарға не дайындаған абзал?

 

- Оразаны құрмамен және сумен ашқан абзал, арнайы тағамдар жоқ, бірақ Рамазан – бұл астың ысырапшылдық айы емес. Ас мәзірін тым болмаса алғашқы он күнге ертерек ойлап тапқан жақсы. Тұтасымен, ифтар жеңіл қабылданатын ас болуы тиіс. Жеміс-жидектерді, әртүрлі сусындар: смузи, милкшейктер, үй лимонады, кампотты көп қолданыңыз!

 

Сұрақ: Қызым алты жаста, ол ораза ұстағысы келеді. Бұл зиян емес пе? Күндер сондай ұзақ …

 

- Ай күнтізбесі бойынша бала жеті жасқа толғанда, ата-анасы оларды намазға және оразаға үйретулері қажет. Егер балаға соңына дейін ораза ұстау қиын болатын болса, онда тамақ ішсін. Мақсатымыз бұған ұрпақты үйрету.

 

Сұрақ: Түнде мен көзіме сүрме жақтым, таңертең сүрменің бір бөлігі аузымда және мұрымда екенін белгілі болды. Бұл оразаны бұзады ма?

 

- Рамазанда сүрме қолдануға жол беріледі. Мұрыннан немесе ауыздан шығып жатқан сүрменің қалдықтары оразаны бұзбайды (Аль-Фатава аль-Хиндийя, 5-т., 274-б.).

04-Pri_bolezni

Сырқаттану себебі бойынша

Сұрақ: Мен ұстамаған қада/қаза оразаның әрбір күні үшін ақша немесе арпа түрінде садақа бере аламын ба, себебі оразадан кейін бүйрегім қатты ауыра бастады және ауру бір аптаға созылды?

 

- Егер осы сәтте сіз сау болсаңыз, онда сіз осы оразаны өтеуіңіз қажет. Фидья ораза ұстауға физикалық тұрғыда жағдайы жоқ қарт адамдарға немесе емделмейтін аурулары, мысалы, ұлтабарда жарасы бар адамдарға тиісті болады.

 

Сұрақ:  Фидья деген не?

 

- Фидья төлеу – бидайдың жарты саасымен немесе құрманың саасымен немесе мейіздің  саасымен немесе арпаның саасымен оразаның қаза болған әрбір күнін үшін міскінді тамақтандыру. Бидайдың жарты саасы – бұл 1,6 кг.

 

 Сұрақ:  Рамазан кезінде мен денеме дәрі жақпамайын жағуыма болады ма?

 

- Ия.

 

Сұрақ: Егер ораза уақытында дәрі ішсе бұл орзаны бұзады ма?

 

- Егер сіз дәріні тікелей ораза уақытында, яғни таңның атысынан күннің батысына дейін ішсеңіз, онда бұл – оразаны бұзады.

 

Сұрақ: Ингаляция оразаны бұзады ма?

 

- Ия.

 

 Сұрақ:  Диабетпен ауырататын адам ораза кезінде инсулиннен укол жасай алады ма?

 

- Ия. 

 

СұрақДиабет кезінде оразаны қалай ұстаған дұрыс?

 

- Ораза кезінде қантты тексеру үшін қан алуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ егер оны тікелей ұлтабарға енгізсе, инсулин инъекциясына жол беріледі. Алайда, сіз ораза ұстауға болады ма әлде жоқ па, осы жөнінде мұсылман дәрігерден кеңес сұрауыңыз керек.

 

Сұрақ: Ораза кезінде хиджама жасатауға болады ма – оны жасатып жатқан адамның және оны жасап жатқан адамның оразасы бұзылмайды ма (хадисте қалай айтылады)?

 

- Хиджама жасатып жатқанның да, жасап жатқанның да оразасын бұзбайды. Алайда егер адам одан әлсіреуі мүмкін ықтимал жағдайларда оған оразасын тоқтатуға тура келеді.  Егер бұндай қауіп болмаса, хиджама осындай адам үшін ұнамсыз (макрух) болмайды.

 

Сұрақ: Мен ауырып жүрсем де ораза ұстап жүрген едім, бірақ хәлім нашарлап кетті. Маған оразаны тоқтатуға болады ма?

 

- Ия, болады.

05-Pojylym

Егде адамдарға

Сұрақ: Рамазанда егде адамдар ораза ұстауға міндетті ме?

 

- Егер денсаулықтары жараса, міндетті. Жастың өзі оразаға себіп болмайды. Алайда егер жас шамасына байланысты олар ораза ұстай алмаса, онда ораза ұстамауларына және фидья төлеулеріне болады.

 

 Сұрақ:  Фидья деген не? 

 

- Фидья төлеу – бидайдың жарты саасымен немесе құрманың саасымен немесе мейіздің  саасымен немесе арпаның саасымен оразаның қаза болған әрбір күнін үшін міскінді тамақтандыру. Бидайдың жарты саасы – бұл 1,6 кг.

08-V_otpuske

Демалыста

Сұрақ: Рамазанда демалысты қалай өткізу керек?

 

- Кіші қажылыққа бару – ұмра.*

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):

 

«Рамазан уақытындағы ұмра менімен қажылық жасаумен теңеседі», - деген (Әл-Бухари және Муслим).

 

* Бұл ұсыныс карантин жоқ кезде және Қазақстан және САК мемлекеттік органдарының тарапынан басқа да шектеулі шаралардың болмауында жарамды.

 

СұрақОраза кезінде жүзуге болады ма?

 

- Су мұрынға және ауызға кіріп кетпейтіндей толық батпайтындай болу керек, себебі адам оны жұтып қою  мүмкін. Егер су құлаққа кіріп кетсе, бұл оразаны бұзбайды.

 

Сұрақ: Егер демалысты басқа елде өткізіп жатырсам, маған ораза ұстауға болады ма?

 

- Егер сіз дініміздің қағидасымен жолаушы болып саналсаңыз (яғни осы елді мекенде 15 немесе одан аз күн болсаңыз және алыстап кету 90 км асып кетсе), сіз дініміздің қағидасымен жолаушы болып саналасыз, онда ораза парыз емес. Олай болмаған жағдайда ораза ұстау міндетті.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Менің ұшақтағы ұшу уақытым ұзақ, ұшу уақытым екінті намазынан бастап, бірақ біз жоспарлаған жерге жеткенше күн батады. Қашан аузымды ашсам болады?

 

- Қашан сіз күннің өз ұясына кіруін көрген болсаңыз ауыз ашуыңызға рұқсат. Және де ұшу кезінде күннің бату уақытын және құбыланы нақты анықтайтын телефондарға арналған арнайы қосымша бар.

06-Na_rabote

Жұмыста

​​​​​​Сұрақ: Менің жұмысым ауыр. Маған ораза ұстауға болады ма?

 

- Мұсылман адам үшін ораза ұстауға мүмкін болмайтын ауыр жағдайларда жұмыс істеу дұрыс емес болып табылады. Алайда адамның ауыр жағдайда еңбек етуге мәжбүр болатын кездері болады.

 

Бұл жылдық астыққа байланысты шаруашылық жұмыстарымен байланысты болуы мүмкін. Белгілі бір белгіленген күндері осы және өзге жұмыстарды жүргізуден бас тарту барлық астықтың жойылуына алып келеді.

 

Егер осыған ұқсас жағдайларда жұмыс істейтін адам оразаны ұстау оның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп қауіптенсе, онда оған осы күні ораза ұстамауына рұқсат етіледі. Ол қатты ыстық пен аштықтан оразаны қаза еткен адам секілді осы күннің оразасының орнын толтыруға тиіс, фидья төлеуге тиісті емес.
 

Сұрақ: Рамазанда жұмыста жинақылықты жоғалтатын және қатты шаршайтын адамдарға не кеңес бересіз?

 

- Рамазанда демалыс алуға тырысыңыз.

 

Сұрақ: ​​​​​​​Мен құдайға сенбейтіндермен бірге жұмыс істеймін. Олар Рамазанда түскі асты ішуге барады. Мен олармен бірге жандарында отыра аламын ба, бірақ ештеңе жемей?

 

- Егер бұл оразаны бұзуға себеп болмаса, онда болады.

 

​​​​​​Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Рамазан уақыты келе жатыр. Осы уақытта мен дәрігер-физиотерапевт ретінде тәжірибеден өтуге тура келіп тұр, бұл пациенттерге, оның ішінде қарама-қарсы жынысты пациенттерді ұстау қажеттілігін меңзеп отырмын. Осындай жұмысқа рұқсат етілген бе және әсіресе Рамазан уақытында?

 

- Асылында дәрігерге медициналық қажеттілік бойынша адамның ауырған мүшесін көруге немесе қолымен ұстауға рұқсат етілген. Алайда тек адамның ауырған мүшесін көруге немесе қолымен ұстауға рұқсат етіледі (одан әрі емес), әсіресе бұл қарама-қарсы жынысты пациенттерге қатысты.

 

Егер сіз дәрігер болып жұмыс істесеңіз, сіз бұны ескергеніңіз жөн. Жас ер адамға өзінің құмарлығын бақылай білуі, әсіресе бұл қарама-қарсы жынысты ауруларды емдеу кезінде маңызды. Алладан қорқыңыз және әрбір ерсі көзқарас немесе құмарлық үшін Ақірет күні Оның алдында жауап беретініңізді естен шығармаңыз.

 

Рамазанда қарама-қарсы жынысты пациенттерді емдеуге рұқсат беріледі.

 

Ал Жаратқан Алла жақсы білуші.

08-Putnikam

Жолаушыларға

Сұрақ: Мені басқа қалаға іс-сапарға жіберіп жатыр. Маған ораза ұстауға болады ма?

 

- Егер сіз дініміздің қағидасымен жолаушы болып саналсаңыз (яғни осы елді мекенде 15 немесе одан аз күн болсаңыз және алыстап кету 90 км асып кетсе), сіз дініміздің қағидасымен жолаушы болып саналасыз, онда ораза парыз емес. Олай болмаған жағдайда ораза ұстау міндетті.

 

Сұрақ: Егер мен жолда ауыз бекітсем, ораза жарамды ма?

 

- Ия, ораза жарамды.

 

Сұрақ: Мен екі күнге көрші қалаға жол жүріп кеттім, оның қашықтығы менің қаламнан 55 километр қашықтықта. Маған сол жерде ауыз бекітпеуге болады ма?

 

- Болмайды. Сіз шариғат бойынша жолаушы болып есептелмейсіз, себебі үйден 90 кмден кем қашықтықтасыз.

09-Sadaqa_al_fitr

Пітір садақасы

Сұрақ: Пітір садақасы неге тең?*

 

- Ол бидайдың жарты саасына (1,6 кг), құрманың саасына немесе мейіздің  саасына немесе арпаның саасына тең. (Астықтың құнымен) астықпен емес, ақшалай төлеген жақсырақ.

 

* Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен 2021 жылға арналған пітір садақасының мөлшері 2021 жылы 420 теңге сомасында болып белгіленді.

 

Сұрақ: Пітір садақасын кім төлеуге тиісті?

 

- Егер тұрмыстық қажеттіліктерден артық мүлікке ие болса, бұл әрбір басы бос мұсылман үшін міндетті (уәжіб).

 

Сұрақ:  Нисаб мөлшері неге тең?

 

- Нисаб 200 дирхам күміске тең (612,35 г). Күмістің осы мөлшерін өз валютаңызды санап алыңыз.

 

Сұрақ: Пітір садақасын кімге берген абзал?

 

- Мұқтаж туыстарға.

 

​​​​​​СұрақБидайдың әртүрлі түрлері бар: қымбат органикалықтан бастап мүлдем арзанынан дейін. Егер мен пітір зекетін бидайдың ең төменгі бағасы бойынша есептесем, ол саналады ма?

 

- Ия.

 

Сұрақ: Ері әйеліне пітір садақасына бере алады ма?

 

- Бұл міндетіне жүктелмеген, бірақ егер ол жұбайы үшін төлесе, онда бұл қабыл етіледі, себебі әдетте әйелі қарсы емес және бұл тәжірибеде кең таралған.

 

Сұрақ: Бір адам отбасының барлық мүшелері үшін пітір садақасын төлей алада ма?

 

- Ия, төлей алады.

 

Сұрақ: Егер мен отбасымның барлық мүшелері үшін пітір садақасын төлесем, менде олардың әрбіріне деген ниетім болуы қажет пе?

 

- Ия, кім үшін пітір садақа төлеп отырсыз, сол әрбір адамға ниет болуы қажет.

 

Сұрақ: Қайтыс болған адамға пітір садақасын төлеу керек пе?

 

- Жоқ,қайтыс болғандарға пітір садақасы төленбейді.

 

Сұрақ: Пітір садақасы қашан төленеді?

 

- Айт намазының оқылуына дейін фаджрдың кіруімен төлеу міндетті. Кейінге қалдыру - мәкрух. Бірақ егер кейін төлесеңіз де жарамды болады. Сондай-ақ, Рамазан айында төлеуге рұқсат беріледі.

 

Сұрақ: Пітір садақасын Рамазан айы ішінде айт мейрамына дейін төлеуге болады ма?

 

- Ия, болады.

 

​​​​​Сұрақ: Егер айт намазы күні пітір садақасын төлемесе, адамның мойнынан ол түседі ме?

 

- Жоқ, түспейді.

10-Narushenie_posta

Оразаның бұзылуы

Сұрақ: Қателесіп оразаны бұзу мен ұмытып кету себебімен оразаның бұзылуының арасында қандай айырмашылық бар?

 

- Ұмыту себебінен оразаны бұзу – бұл адамның аузы берік екенін ұмытып, бір нәрсе жасап қоюы, мысалы тамақ ішіп қоюы. Қателесіп кетуі бойынша оразаны бұзу – бұл адамның ауызы берік екенін есінде болып, оразаны бұзайын демей, бірақ байқамай кездейсоқ оны бұзу, мысалы, аузын шаю кезінде су жұту.

 

Сұрақ: Сүйген кезде ораза бұзылады ма?

 

- Егер беттен сүю болса, онда бұзбайды.

 

Егер бұл сүйісу жұбайлар арасында қозу мен жақындыққа алып келсе, адам жұбайының(ерінің) сілекейін ықтималсыз жұтып қойса, онда бұзылмайды.

 

​​Сұрақ: Сүрме жағы оразаны бұзады ма?

 

- Жоқ.

 

Сұрақ: Құлаққа су кіру оразаны бұзады ма?

 

- Жоқ, бұзбайды.

 

Сұрақ: Егер парыз етілген толық жуыну (ғұсыл) уақытында су байқамай мұрын немесе ауызға кіріп кетсе, ораза бұзылады ма?

 

- Ия.

 

Сұрақ:  Клизма оразаны бұзады ма?

 

- Ия.

 

Сұрақ: Егер ораза уақытында байқамастан тамақ ішіп қойса, ораза бұзылады ма?

 

- Егер адам ұмытып кетіп тамақ жеп қойса, онда бұзылмайды. Егер қателесіп кетсе – бұзылады. Олардың айырмашылықтары, ұмыту жағдайында адам ораза туралы есінде болмайды және бұған қоса тамақ жейді. Қателесу жағдайында адамның есінде ораза екенін тұрады, бірақ тағамды байқамай жұтып қояды, мысалы, аузын шаю кезінде суды кездейсоқ жұтып қояды.

 

Сұрақ: ​​​​​​​Егер адам көшеде келе жатып кафеде дайындалып жатқан кәуаптың иісін иіскесе ораза бұзылады ма?

 

- Жоқ.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Егер Рамазан айында ораза ұстасам және намаз оқысам, бірақ кейін намаздардың, әрбір күн оразасының басталуы мен соңы дұрыс емес уақытта жаслағаны анықталған. Оразаның қазасын өтеу қажет пе?

 

- Ия, оразаның қазасын өтеу керек.

 

Өз уақытынан ерте оқылған намаз жарамасыз, оны қайта оқу керек.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Егер сухур жасауға бірнеш минут кешігіп қалсам, ораза жарамды болады ма?

 

- Егер таң намазының уақыты кіргеннен кейін ас қабылдау жалғасып жатса, онда ораза жарамсыз және оның қазасын өтеу керек.

 

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​ Сухурды аяқтап, аузыңды шаясың, бәрі дұрыс сияқты. Ал кейін бір уақыт өткеннен кейін тістердің арасында еріксіз жұтып қоюға болатын тағам табылып жатады.

 

- Егер адам білместікпен тамақ қалдығын жұтып қойса, онда бұл оразаны бұзбайды.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Қақырық жұтса ораза бұзылады ма?

 

- Қақырықты жұту ханафи мәзһабы бойынша оразаны бұзбайды.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​ Укол оразаны бұзады ма?

 

- Жоқ, бұның ішінде глюкоза уколы да бұзбайды.

 

​​​​​​Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Егер мен сухурға ұйықтап қалсам, менің оразам жарамды ма?

 

- Ия.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Құсық құсу оразаны бұзады ма?

 

- Егер адам құсық құсу қоспасын бұны қаламай жұтып қойса және жұтқаны ауыз қуысынан аз болса, онда бұл оразаны бұзбайды. Егер адам оны біле тұра жұтса және құсығының мөлшері ауыз қуысымен тең болса немесе ауыз қуысы көлемінен көп болса, онда бұл оразаны бұзады. Егер ол өз еркімен осының аз көлеміндей жұтып қойса, онда бұл оразаны бұзбайды (Любаб, 1/157). 

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Кездейсоқ ұрық бөліну оразаны бұзады ма?

 

- Жоқ.

 

Сұрақ: Поллюция оразаны бұзады ма?

 

- Жоқ.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Сілекей жұтуға болады ма?

 

- Ия.

 

​​​​​​Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Шылым шегу оразаны бұзады ма?

 

- Ия.

 

Сұрақ: Никотинді «Никоретто» пластырлері (оны әдетте темекіні қойған адам қолданады) оразаны бұзады ма? Оларды денеге жабыстырады.

 

- Жоқ.

 

​​​​​​​​​​​​​Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Менің тістерім қанайды, мен әдетте қанды түкіріп тастаймын. Ораза бұзылады ма?

 

- Егер қанның мөлшері сілекей мөлшеріне тең болса немесе көп болса, онда осындай сілекейді жұту оразаны бұзады. Егер қан сілекейден аз болса, онда ораза бұзылмайды. Кейбір ғалымдар бұны адамның аузында қанның дәмін сезінуі немесе сезінбеуімен анықтайды деп айтқан (Ибн Абидин, 2/396).

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Насыбайды пайдалану оразаны бұзады ма?

 

- Ия.

 

​​​​​​Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Галокамерадағы тұзды ауаны жұту оразаны бұзады ма?

 

- Жоқ.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Тұмауға қарсы спрейді пайдалану оразаны бұзады ма?

 

- Ия.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Ораза уақытында құлаққа және көзге тамызатын тамшыларды және контактылы линзаны қолдануға болады ма?

 

1. Ораза уақытында контактылы линзаны және көзге тамызатын тамшыларды қолдануға рұқсат етіледі.

 

2. Мүфтий Рафи Усмани (Алланы оны қорғасын) былай жазады:

 

«Дәрігер-отоларингологтардың соңғы зертттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, құлаққа кірген кез-келген сұйықтық, егер тек адамның дыбыс жарғағы өзгерген (зақымдалмаған) болмаса, орта және ішкі құлақтың есту өтетін жерінің сырт жағы арқылы өтпейді. Ізінше, ораза уақытында құлаққа тамызатын тамшыларды пайдалануға рұқсат беріледі, себебі  құлақ пен тамақ/ұлтабар арасында байланыс жоқ».

 

Алла жақсы білуші.

11-Kaffara

Кәффәрат (өтеу)

 Сұрақ:  Кәффәрат қандай іс-әрекет үшін тиісті? Және ол неден тұрады?

 

- Кәффәрат – бұл ішіп-жеумен, дәрі қабылдау немесе жыныстық жақындықпен оразаны саналы түрде бұзғаны үшін салынатын жаза.

 

Жалпы ережесі шамамен былай түсіндіріледі: егер оразаны бұзудың (яғни дененің ішіне бір нәрсенің енуі) формасы (сура) оразаны бұзудың (дененің бір құмарлығын қанағаттандыру) мағынасына (ма’на) сәйкес келсе, онда кәффәрат талап етіледі. Егер бек бір ғана құрамдас бар болатын болса (формасы немесе мағынасы), онда онда кәффәрат міндетті емес.

 

Сондықтан апельсиннің бір тілімін жұту кәффаратты талап етіледі, ал темір бұранданы жұту – талап етпейді (бұрандамен аштықты баса алмайсың, яғни, дененің құмарлығы қанағаттанбайды).

 

Кәффәрат қатарынан екі ай ораза ұстаудан тұрады (яғни тек түнде ғана үзумен).

 

​​​​​​Сұрақ: Рамазан айында белгілі себепсіз оразаны бұзса, кәффәрат ретінде 60 күн ораза ұстау қажет дейді. Егер адам дінді сақтауды кеш бастаса, көп жылдар бойы ораза ұстамаса, өзінің күнәсін қалай өтегені дұрыс?

 

- Егер адам Рамазан айында белгілі себепсіз әдейі оразаны бұзса (ас, су ішумен немесе жұбайымен жақындасып қойса), оған өзінің күнәсі үшін кәффәрат (өтемін) жасауы қажет.

 

Кәффәрат үздіксіз алпыс күн қатарынан (адам бұзған оразаның сол күнінен өзге) ораза ұстаудан тұрады. Егер осы 60 күн ішінде ораза белгілі себеппен тоқтатылса (әйелдерде болатын хайыз немесе  нифас), онда қайта бастамайды.Қай күннен тоқтады сол күннен қайта жалғастырады.

 

Егер адам алпыс күн ішінде ораза ұстай алмаса, мысалы, қарт адам немесе ауру болса, ол онда келесіні жасай алады:

 

  • Күніне екі рет 60 міскінді тамақтандыру.
  • Бір міскінді күніне екі рет 60 күн бойы тамақтандыру рұқсат.
  • 60 кедей адамға 1,6 кг бидай немесе бидай ұнын (немесе олардың құнын) беруге (немесе бір кедейге 60 күн бойы осы азық-түліктің құнын беруге).
  • 60 міскінге 3,5 кг құрғақ құрма немесе арпа немесе немесе олардың құнын (немесе бір кедейге 60 күн бойы осы азық-түліктің құнын беруге).

 

Міскінді тамақтандыратын ас сол елді мекенде пайдаланатын астың орта деңгейінен шығуы тиіс, оның сапасы тым жаман немесе тым жақсы болмауы тиіс.

 

Егер мұсылман адам Рамазан уақытында ораза күндерін жіберіп алса, онда кәффарәтсыз қарыз күндерін ғана өтейді (сәйкесінше, егер сіз көп жылдар бойы ораза ұстамасаңыз, сіз қаза болған ораза күндерін есептеп алыңыз және жайлап оларды өтей бересіз, оларды үзбей өтеу міндетті емес).

 

Егер адам Рамазан оразасын бір күннен де артық бұзса (ас, су ішумен немесе жұбайымен жақындасып қойса), оларға бір кәффарәтпен өтеу қажет (60 күн ораза).

 

Сұрақ: Қаза болған оразаны қалай өтейді? Бірінен кейін бірін бе? Мен бір күннен бастап тоқтамай 60 күн өтеу қажет деп естігем.

 

- Егер сіз ораза ұстамасаңыз, онда сіз сіздің мойңызға міндет болған ораза күндерін белгілі бір ретпен өтеуге міндетті емессіз,бөліп ұстасаңыз да болады. Егер сіз ораза ұстасаңыз және әйеліңізбен жыныстық жақындыққа барып қойып оразаны бұзсаңыз, онда сіз үздіксіз оразаның 60 күнінің кәффарәтын жасайсыз, ал содан кейін бұзған оразаңыздың бір күнінің орнын толтырасыз.

 

Ханафи мәзһабы бойынша егер сіз ораза ұстасаңыз және оразаны ас қабылдаумен немесе су ішумен бұзсаңыз, онда бұл кәффарәт жасауды – үздіксіз 60 күн оразаны талап етеді, ал содан кейін бұзған оразаңыздың бір күнінің орнын толтырасыз.

 

Сұрақ: ​​​​​​​Егер Рамазан оразасы уақытында мастурбация жасасам, бұл үшін кәффарәт тиісті ме?

 

- Бұл оразаның (қаза) орнын толтыруды талап етеді, бірақ кәффараны талап етпейді   (Ибн Абидин, 2/399).

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Егер мұсылман Рамазан айында ораза ұстаса және зинақорлық жасаса, оған не істеу қажет?

 

- Егер ораза зинақорлықпен бұзылса, үздіксіз 60 күн ораза түріндегі кәффаратын өтеу қажет, ал содан кейін бұзған оразаңыздың бір күнінің орнын өтейсіз. Зинақорлық жасағаны үшін шынайы ықыласпен жалбарынып өкініш білдіруі (тәубе) қажет.

 

Сұрақ:​​​​​​​ ​​​​​​​Егер басында оразаны басқа жолмен бұзып, содан кейін жыныстық қатынасқа түссе, кәффәрат өтемі тиіс пе?

​​​​​​

- Ханафи мәзһабы бойынша бәрібір де кәффараты қажет. 

14-Taravih

Тарауық

 Сұрақ: Қазір карантин. Мешіттер жабық. Қалай енді тарауық намазын оқимыз?

 

- Карантинде отыру бұл үкіметтің бұйрығы және оған бағыну керек,тарауықты үйде отбасы мүшелерімен оқыңыз.

 

Сұрақ: Тарауық намазының үкімі қандай?

 

- Уәжібке (парыз амал) жақын сүннет муаккада.

 

Сұрақ: Тарауық намазы бидғат емес пе? 

 

- Ханафи мәзһабы бойынша сахабалардың істері – бұл Сүннеттің бір бөлігі, сондықтан 20 рәкағат тарауық намазын өтеу бидғат болып табылмайды.

 

Сұрақ: Алдымен түнгі намазды, сосын тарауық және үтір намазы оқылады ма. Бұл тәртіп – сүннет пе? 

 

- Ия.

 

Сұрақ: Тарауық  қанша рәкағаттан тұрады?

 

- 20.

 

Сұрақ:  8 рәкағат оқуға болады ма?

 

- Төрт мәзһәб бойынша 20 рәкағат оқыған жақсы. Ханафи мәзһабы бойынша сүннет муаккада – 20 рәкағат. Сегіз рәкағат жасау бойынша сүннет муаккаданы орындау үшін жеткіліксіз.

 

Сұрақ: Ханафи мәзһабы бойынша сүннет муаккаданы ұдайы жасамау күнә болады. Егер Рамазан бойы ұдайы 8 рәкағат оқып жүрсе, бұл да күнә болады ма? 

 

- Тарауық туралы рисалада Касим ибн Кутлубуга көрсеткендей, имам Әбу Ханифаның әуелгі ұстанымы барлық 20 рәкағат – сүннет муаккада дегеннен тұрады. Осы көзқарасқа сәйкес егер адам үнемі 8 рәкағатты жасап жүрсе, ол күнә жасайды.

 

Бірақ сонымен қатар ханафи мәзһабында  Ибн Нуджейм және Ибн Абидин секілді кейінгі ханафиттер ізін жалғастырған Ибн аль-Хумаманың пікірі бар, ол  - 8 рәкағат - сүннет муаккада, ал қалғандары – мұстақап.

 

Сұрақ: Тарауық намазын әдейі өткізіп алу күнә ма?

 

- Ия, егер бұл ұдайы және себепсіз болса.

 

Тарауық: Мен қазір қаладан тыс, вахталық жұмыста істеймін. Тарауық мен үшін уәжіб пе?

 

- Тарауық намаз – асылында уәжіб емес. Егер сіз жолаушы болсаңыз (мусафир), онда тарауық намазын орындамау айып болмайды. 

 

Сұрақ: Егер емшектегі бала түнде үнемі оянып кетіп, жылай берсе, тарауық намазын қалай оқимын? Түнде ол нашар ұйықтайды: тіптен мен парыз намаздарын оқып жатсам да оянып кетеді. Мен намаздарымды бала ұйықтап қалмайынша кейінге қалдыруға мәжбүрмін. Тарауықты не істеймін?

 

- Егер балаға қарайтын адам болмаса, онда сізге тарауық намазын оқымауға рұқсат етіледі.

 

Сұрақ: Егер мен кешігіп қалып, жамағатпен оқитын тарауық намазының 10 рәкағатын өткізіп алсам, оларды қалай өтеймін? Егер мен жұмыста өзім 20 рәкағат оқысам, онда сауап жамағатпен оқыған сияқты болады ма әлде тек тарауық үшін ғана болады ма? 

 

- Сүннет муаккада – тарауықтың 20 рәкағатын оқу, осы 20 рәкағатты мешітте оқыған жақсы. Егер адам үйінде жалғыз өзі 20 рәкағат оқыса, ол әуелгі сүннетті атқарған болып табылады. Шүбәсіз, тарауықты жалғыз емес, мешітте оқыған абзал.

 

Сұрақ: Мен тұратын жерде бір ғана мешіт бар. Тарауықты сегіз рәкағат оқиды, үтірді бір сәлеммен үш рәкағат оқиды. Маған не істеуге болады?

 

- Жамағатпен бірге 8 рәкағат оқыңыз, кейін 12-сін және үтірді оқыңыз. 

 

Сұрақ: Егер мешіттерде 8 рәкағат оқып жатса және әрбір екі рәкағаттан кейін шамалы үзілістер жасаса, осы үзілістерде 20 рәкағат болуы үшін тарауықты жеке оқып алуға болады ма? 

 

- Егер үлгерсеңіз болады.

 

Сұрақ: Егер 20 рәкағаттың барлығын тұрып оқи алмасаң, не істеуге болады? Отырып жалғастырып оқуға болады ма? 

 

- Ия.

 

Сұрақ: Мен сырқатпын, созылмалы бас ауруы. 8 рәкағаттан оқуыма болады ма? Немесе басқа жолдары бар ма?

 

- 20 рәкағатты 2 рәкағаттан отырып оқыңыз.

 

Сұрақ: Тарауықта ұзақ уақыт тұрғандықтан аяғым ісіп кетсе және жансызданып қалса не істеуге болады?

 

- Намазды отырып оқыңыз.

 

Сұрақ: Тарауықты қалай оқиды: 2 рәкағаттан ба немесе 4?

 

- Сүннет – тарауықты 2 рәкағаттан оқиды, 4 рәкағаттан да болады.

 

Сұрақ: Тарауықты бастар алдында жалпы ниет етуге болады ма?

 

- Жоқ, әрбір екі рәкағатқа бөлек ниет жасау керек. Намазда ниет – бұл тәкбиратуль-ихрам айту алдында сіз қандай намаз оқиын деп жатқаныңызды сезіну. Егер адам тарауық басында 20 рәкағатқа ниет етіп қойса, содан кейін ол тәкбиратуль-ихрамды ғана жай айта отырып қандай намаз оқып жатқанын түсінбейтін болады, оның намазы жарамсыз.

 

Сұрақ: Тарауықта имамға Құран қоятын төсем ағаштың үстінде тұрған Құран кітабынан сүрелерді оқуға рұқсат етіледі ме? Және осы имамға намазға ұюға болады ма?

 

- Ханафи мәзһабы бойынша осындай намаздың жарамды болуы үшін, екі шартты сақтау керек: имамның хафиз болуы және оның намазда парақтарды аудару және бұдан әрі қажет емес іс-әрекеттердің көп бөлігін жасамауы. Егер осы екі шарт орындалса, осындай адамның артына ұйыған намаз жарамды болады.

 

Сұрақ: Егер жамағатта хафиз жоқ болса, шафиғи мәзһабының пікірін алып тарауықты оқуға болады ма?

 

- Егер сіз мұсхаф бойынша оқуды меңзеп тұрсаңыз, онда болмайды.

 

Сұрақ: Тарауықта әр күні бір пара оқу  – бұл сүннет пе? 

 

- Рамазанда тарауық намазда Құранды толығымен оқып шығу – бұл мұстахаб.

 

Сұрақ: Егер Құраннан бірнеше сүре ғана білсем, тарауық намазды қалай оқимын?

 

- Егер сіз олардың аз мөлшерін білсеңіз, сүрелерді қайталауға және кезекпен оқуға рұқсат етіледі.

 

Сұрақ: Тарауықты бір ғана мешітте оқыған жақсы ма?

 

- Сізге қалай ыңғайлы болса, солай оқыңыз.

 

Сұрақ: Әйел адам тарауықты үйінде оқыған жақсы ма немесе мешітте?

 

- Үйінде.

 

Сұрақ: Егер имам түнгі намазда және тарауықта шафиғит болса, әйел оған қалай ұюы керек? Ол әйелге имам болуға ниет алмайды ғой.

 

- Әйелдер үйлерінде отыруы және тарауықты үйлерінде отырып оқулары тиіс. Немесе мешітте оқысаңыз, онда шафиғит имамына ұюға рұқсат және намазы жарамды болады.

 

Сұрақ: Тарауықта екінші рәкағатта имам тәшәххудты, салауатты, дұғаны және сәлемді тез оқиды. Мен дұғаны, кейде салауатты оқып аяқтауға үлгермей қаламын. Не істеу керек?

 

- Ханафи мәзһабы бойынша, егер сіз тәшәххудты оқып бітсеңіз, имаммен бірге сәлем беруіңіз керек және егер де өзіңіз оқып үлгермесеңіз де   барлығына имамға ілесуіңіз тиіс.

 

Сұрақ: Тарауықта әрбір төрт рәкағат арасында белгілі бір зікірді оқу міндетті ме?

 

- Кез-келген зікірді оқуға болады, үндемей отыруға да болады.

 

Сұрақ: Тарауықтың әрбір екі рәкағатынан кейін зікір үшін Сүннетте негіз бар ма? Тарауықтың рәкағаттар арасында демалу және Алланы еске алу секілді қандай да бір дәлелдер бар ма?

 

- Сүннетте қазіргі біздің уақытта оқылатын түрдегі дәлелдері жоқ. Әрбір төрт рәкағаттан кейін демалыс үшін тоқтау жасауы тиіс екені туралы жалпы нұсқау бар, оның ішінде зікір жасауға, салауат оқуға, шағын дәріс немесе уағыз айтуға болады.

 

Сұрақ: Тарауықта имамның артынан тұрып екі рәкағат таң намазын өтеуге ниет жасауға болады ма? 

 

- Жоқ, болмайды, себебі тарауық сүннет және имам сүннетке ниет етеді, ал таң намазының қазасын өтеу ол парыз намаз.

 

Сұрақ: Мешіттерде 20 рәкағат тарауық намаздарынан кейін жарты сағаттан кейін жамағатпен 10 рәкағат нәпіл намазын (қыямүлейл) жасап жатады. Бұл орынсыз ба?

 

- Бұл орынсыз және тыйымға жақын (мәкрүхтахрим). 

12-Ittikaf

Иғтикаф

  

Сұрақ:  И’тикаф деген не?

 

- И’тикаф – бұл құлшылық ету үшін мешітте үздіксіз болу. Әйелдер и’тикафты намаз оқитын жерлерінде өз үйлерінде қалады, мешіттерде болмайды.

 

​​​​​​Сұрақ: И’тикафтың қандай түрі сүннет муаккада болып табылады?

 

- Рамазанның соңғы он күні.

 

​​​​​​Сұрақ: Мұсылман адам он күнді мешітте өткізді, бірақ ораза ұстаған жоқ. Оның и’тикафы есептеледі ме?

 

- Жоқ, себебі ораза – бұл  и’тикаф жарамдылығының шарты.

 

Сұрақ: Егер мешітте ыстық болса, и’тикаф күйінде шығып кетіп, жуынып келуге болады ма?

 

- ​Жоқ, бұл мешіттен шығу үшін жеткілісіз себепсіз жағдай.

 

​​​​​​Сұрақ:  И’тикаф уақытында үндемей қоюға болады ма?

 

- Ия, алайда, егер адам үндемеуді құлшылық етудің түрі деп санаса немесе осыдан оның и’тикафы кемел болады деп санаса немесе осындай үндеместік оны Аллаға жақындатады деп ұйғарса, бұл орынсыз болады.

 

​​​​​​Сұрақ: Мұсылман адам и’тикаф уақытында құмарлықпен әйелін ұстауға болады ма?

 

- Бұған тыйым салынған.

 

​​​​​​Сұрақ: ​​​​​​​Ер адам и’тикаф ұстап жүрген мешіттен қажеттілігін өтеу үшін шыққан. Оның и’тикафы бұзылады ма?

 

- Жоқ, табиғи адами қажеттілік бойынша шығуға рұқсат етіледі, себебі бұл қажеттілік және белгілі себеппен болып отыр, сондай-ақ шариғи себептер бойынша (мысалы, жұма намазына) немесе шектен шыққан қажеттілік бойынша (мысалы, өміріне қауіп болса) шығу оның и’тикафын бұзбайды. 

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
Таң Сәресі*
04:21
Күн
05:38
Бесін
12:00
Аср
16:25
Ақшам Ауызашар*
18:17
Құптан
19:34
қазір

Құптан 19:34

Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi