Құрбандыққа қандай мал шалынады?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 20:24

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:15 04:42 11:52 16:51 18:57 20:24
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Шавваль 1445
Миләди
01 мамыр 2024

Мақалалар

Құрбандыққа қандай мал шалынады?

| A | +

Құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы талап етіледі.

Біріншіден, бұл пенденің Жаратушы Иесіне деген жоғары деңгейдегі әдептілік қарым-қатынасын көрсетеді. Құрбандықтың еті де, қаны да Алла Тағалаға қажет еместігі, Оған тек пенденің тақуалығы ғана жетіп баратыны белгілі. Осы орайда пенде құрбандық үшін сау, айыпсыз малды іздеп табу арқылы тақуалыққа әрекет етеді.

Екіншіден, осы арқылы кедейлердің жабырқаңқы көңілдері көтеріледі. Оларға жарамсыз, кемшілігі бар малдың етін емес, ең әдемі малдың етін сыйға тарту жақсы іс саналады. Олар өздерін құрметті адам ретінде сезіне бастайды.

Сондықтан, құрбандық дұрыс болу үшін бауыздалатын малға қатысты шариғатымызда мынадай талаптар қойылады:

  1. Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалу. Малдың еркегі де, ұрғашысы да жарайды. Еті көп, дәмі жақсы болғаны абзал.

Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Бір адам екі қой бауыздаса, екеуі де құрбандық болады және екі құрбандықтың сауабын алады. Ал, түйе мен ірі қараны бір адамнан жеті адамға дейін шалуға болады. Бұған Жабирдің (одан Алла разы болсын) «Алла елшісімен бірге Худайбияда бір түйені жеті адамның атынан және бір қарамалды жеті адамның атынан бауыздадық»[1] деп айтқан сөзі дәлел. Мұнда жеті адамның да ниеті құрбандық шалу немесе етін садақа ету болу керек.

  1. Ақауы жоқ, мінсіз малды құрбандыққа шалу. Көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, тістері жоқ, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінен көбі кесілген малды құрбандыққа шалу дұрыс емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

أربع لا تجوز في الأضاحي العوراء البين عَورُها والمريضة البين مرضها والعرجاء البين ظَلَعُها والكسيرة التي لا تُنْقِي

«Төрт мал құрбандыққа жарамайды: қылилығы айқын, ауруы анық, ақсақтығы мәлім, жілік майы таусылған (тым арық) малдар», – деген[2].

Мүйізі жоқ немесе мүйізі сынған, құлағы жарылған немесе құлағы тесілген малды құрбандыққа шалуға болады. Сонымен қатар, піштірілген малды да құрбандыққа шала береді. Ондай малдың еті мол әрі дәмі тәтті болады және ол айып болып есептелмейді[3].

Сатып алған құрбандық малы айыпты болып қалса, оны сау малға ауыстырады. Малды бауыздайтын кезде не бауыздау себебімен көзін шұқып алса немесе союға апара жатып аяғын сындырып алса, оның оқасы жоқ.

  1. Белгілі жасқа жеткен малды құрбандыққа шалу. Қой мен ешкі бір жасқа жету керек. Ал, ірі қара екі жасқа, түйе бес жасқа толуы шарт[4]. Бір жасқа толмаған семіз әрі ірі қойды да құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Дегенмен, сақтық ретінде бір жасқа толған қойды шалған абзал.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

لا تَذْبَحُوا إلَّا مُسِنَّةً، إلَّا أنْ يَعْسُرَ علَيْكُم، فَتَذْبَحُوا جَذَعَةً مِنَ الضَّأْنِ

 «Мусиннадан басқасын соймаңдар. Сендерге қиындық туғанда ғана қойдың жазағасын сойыңдар», – деген[5][6].

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 [1] Әбу Дәуіт, Мүслим, Тирмизи риуаят еткен.

[2] Әбу Дәуіт, Нәсаи, Тирмизи риуаят еткен.

[3] Фәтауа Һиндия, 5/344.

[4] Радд ул-мұхтар, 2/321.

[5] Мүслим, Әбу Дәуіт, Нәсаи риуаят еткен.

[6] «Мусинна» – ол бес жасар түйе, екі жасар ірі қара мал немесе бір жасар қой. Ал «жазаға» деп бір жасқа толмаған қойға айтылады.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Марқұмның атынан құрбан шалуға бола ма? Буаз малды союға бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Буаз малды союға бола ма?
Алла Тағала жер бетіндегі барлық нәрсені адамзаттың пайдасы үшін жаратты. Ол туралы Құранда: هُوَ الَّذِي خَلَقَ لَكُم مَّا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا «Ол (Алла) жердегі нәрселердің бәрін сендер (адамдар) үшін жаратты»[1]-дейді. Адам баласы жаратылғалы мал мен жануарлардың етін жеп күнелтеді....
Сұрақ-жауап Құрбандық қай уақытта шалынады?
Құрбандық шалудың белгілі уақыты бар. Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал іспетті. Ол құрбандық болып есептелмейді. Ал уақытынан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді[1]....
Сұрақ-жауап Құрбан шалғанда ниет ету шарт па?
Негізінде әрбір іс міндетті түрде ниет етумен басталады. Кейбір ғибадаттарда нақты ниет етілмесе, көзделген мақсат орындалмай, жай бір әрекет болып қалуы мүмкін.
Сұрақ-жауап Құрбандық орнына садақа беруге бола ма?
Ханафи мәзһабы бойынша құрбан айт күндері құрбан шалу бай[1], муқим (жолаушы болмаған), азат мұсылманға – уәжіп.
Сұрақ-жауап Құрбан шалудың хикметі не?
Құрбан шалу құлшылығы адамды ақыретте сый-сыяпатқа, мол сауапқа ке­нелтеді.
Сұрақ-жауап Құрбан шалудың мән-мағынасы неде?
Құрбан – араб тілінде «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Демек, мейіріміне лайықты ізгі істер жасау арқылы Жаратқанға жақындау. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен белгілі бір уақытта ереже-шарттарын ескере отырып мал шалу[1]....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Шавваль 1445
Миләди
01 мамыр 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 20:24

Бамдатқа дейін 01:14

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi