Наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы Алматы жамағатымен жүздесті
![](/media/images/5d56a4b1bd34e.jpg)
Бүгін, ҚМДБ-ның бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы Алматы қалалық орталық мешіті жамағатымен жүздесіп, жұма уағызын айтты.
Наиб мүфти жұма уағызында зекеттің әлеуметтік тепе-теңдіктің кепілі әрі исламның бес парызының бірі екенін айтып, Құранда келген "Намаз оқы, зекет бер" сынды аяттарды тілге тиек етті. Сондай-ақ, зекет беру, біріншіден, мал-мүлікті тазартса, екіншіден, зекет берушінің жан дүниесін дүниеқоңыздық пен сараңдықтан арылтатынын баса жеткізді.