ҚҰРБАН АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚҰРБАН АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

| A | +

09 шілде – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні

ҚҰРБАН АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Ардақты алматылықтар! Мінекей, араға жыл салып, күллі Ислам үмметі аңсай күткен ұлық мереке – Құрбан айт та келіп жетті. Айтулы бұл мереке биыл 09-шілде күні басталмақ. Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

          Құрметті қауым! Айт күндері адам баласы Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Құрбан сөзі – «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Демек, құрбандық шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы. Аталмыш мейрамның жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырмалдықты арттырудағы рөлі зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, қабыл болсын деу арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі.

Айттың алғашқы күні таңертең ғұсыл алып, таза киім киіп, қош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға жылы шырай танытып, құттықтау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін айт намазының алдында ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір тәшрих айту ұнамды амалдар болып саналады. Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласындағы мешіттерде айт намазы таңғы сағат 06:30-да оқылады.

Тәкбір тәшриқ

Арафа күні таң намазының парызынан кейін басталып, құрбан айттың төртінші күні асыр уақытына дейінгі болатын әрбір парыз намаздың соңынан төмендегі дұғаны оқу уәжіп болып табылады:

«Аллааһу әкбар, Аллааһу әкбар, ләә иләәһә иллаллааһу уаллааһу әкбар, Аллааһу әкбар уа лиллааһил-хамд».

Биыл Арапа күні 08 шілдеге сәйкес келіп отыр. Демек, 08 шілде  күні таң намазының парызынан кейін басталған тәкбір тәшриқ, 12 шілде күні асыр намазынан соң тоқтатылады.

Сүйікті амал – Құрбан шалу

Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі бар әрбір мұсылман баласы Алла Тағаланың ризашылығы үшін құрбандық шалғаны жөн. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Құдайдың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар», - деген. Сол себепті, қорада малыңыз яки қалтаңызда қаражатыңыз болса, айт күндері Алла жолында малыңызды құрбан етіп, сауапқа кенелуге шақырамыз.

Құрбандық шалу ­– айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күнінің ақшам намазына дейін жалғасады. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мерекенің басталуы мен құрбан шалудың уақытына қатысты: «Біздің бұл күнде алғашқы атқаратын ісіміз – айт намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбандық шалу. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалатын болса, бұл құрбандығының отбасына берілген еттен ешб3р айырмашылығы жоқ. Мұның құрбан болуы мүмкін емес», - деген.

Төрт түлік малдан тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе ғана құрбандыққа шалынады. Қой мен ешкі бір жасқа, сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толуы керек. Алты айдан асқан тоқтының сыртқы көрінісі қомақты болса, құрбандыққа жарайды. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасқа толуы керек. Қой мен ешкіні бір кісі атынан құрбан етіледі. Ал, сиыр мен түйені бір адамнан жеті адам дейін бірігіп құрбандыққа шалуға болады.

Құрбандық қалай шалынады?

Ең алдымен құрбандық малы сол жағымен құбылаға қаратып жатқызылады. Құрбандық шалушы адам: Иә, Аллаһым. Бұл құрбандықты менің және отбасымның атынан қабыл ете гөр деп ниет етеді. Сосын бауыздайтын кісі «Бисмилләәһи, Аллааһу әкбар» деп айтады. Малды иегінің астынан өңешін, кеңірдегін және күре тамырларын кесе отырып бауыздайды. Малдың жаны шықпастан басын кесіп алу және терісін алу – мәкруһ амал. Малды бауыздап жатқанда «Бисмилләһ» сөзін әдейі айтпай қойса, ол малдың етін жеуге болмайды.

Еті кімге таратылады?

Құранда «Хаж» сүресінің 28-аятында: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер», - делінген. Демек, құрбандыққа шалынған малдың етінен өзі және өзгелер де жей алады. Дұрысы, бұл мәселеде пайғамбарымыздың өсиетін басшылыққа алып, құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігін мұқтаж жандарға, екінші бөлігін туған-туыстарыңыз немесе көршілерге, ал қалған бөлігін өз отбасына алып қалған жөн. Сондай-ақ, «барлығын Алла жолында атадым» деп құрбан етін түгелдей тұрмысы төмен жандарға таратып беруге де болады.

Тазалық – иманнан

Биылғы жылы 09-11 шілде күндері болатын Құрбан айт мерекесіне орай, Алматы қаласының әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малдарды сату, союға рұқсат етілген арнайы 13 орынды бекітті. Осыған орай, барша алматылықтар мен қала қонақтарын арнайы бекітілген орындарда құрбандық шалуға шақырамыз!

Ислам діні – тазалықты ту еткен дін. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Тазалық иманның жартысы», - деген. Сондықтан ұлық мереке қарсаңында құрбандық шалынатын орындар мен көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойларында тазалықты сақтайық. Әсіресе, құрбандық шалынатын орындардағы тазалыққа мән бергеніміз жөн.

Жаратқан Иеміз құлшылықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей. Қасиетті орындарда қажылық парыздарын өтеу үшін жолға шыққан бауырларымызға дін аман ел оралуды жазғай. Алла тағала күллі мұсылман үмметін жарылқап, асыл дініміз исламға күш-қуат бергей! Құрбан айт мерекесі құтты болып, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болғай! Әмин!

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АЛЛАҒА АДАЛДЫҒЫҢДЫ АЙТТА АЙҚЫНДА ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ҚҰРБАН 2022 ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
ҚҰРБАН 2022 ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ
Құрбан айт, яғни мұсылман күнтізбесі бойынша Зуль-хижжа айының оныншы күні, шариғат бойынша жылдың ең ұлы күніне жатады. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың алдындағы ең ұлы күн – Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн», - деген (Ахмад, Әбу Дәуд)....
ҚҰРБАН 2022 ҚҰРБАНДЫҚ ОРНЫНА САДАҚА БЕРУГЕ БОЛА МА?
Ханафи мәзһабы бойынша құрбан шалу бай[1], азат, балиғат жасына толған, ақылды, жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:54

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi