Мұхаммед пайғамбардың әдебиеттегі бейнесі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Мұхаммед пайғамбардың әдебиеттегі бейнесі

| A | +

Төменде Мұхаммед пайғамбардың әдебиеттегі бейнесі туралы жазылған мақаладан ықшамдап беріліп отыр.

...Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ардақты тұлғасы мен көркем мінезін, ерекше қасиеттері мен пайғамбарлық мұғжизасын насихаттау - мұсылман шайырларының басты назарында тұрды. Исламның алғашқы жылдарында араб тілінде жазылған мадақ жырлар бертін келе Ислам дінінің таралу аймағының кеңеюімен ажам (арабтан өзге халықтар) халықтарының әдебиетінде де көрініс тапты. Әсіресе парсы мен түркіден шыққан шайырлар Алла елшісінің асыл қасиеттерін асқақтата жырлап, мұсылман үмбетінің жүрегінде пайғамбарға деген сүйіспеншілікті оята білді. 

...Осылайша Мұхаммедтің (с.ғ.с.) асыл қасиеттерін өлең сөзбен өрнектеу – түркі жазба әдебиетіндегі басты тақырыптардың біріне айналды.

.... Тіпті хадистанушы ғалым Әбу Иса Термизидің «Пайғамбардың ерекше қасиеттері» («Әш-Шәмайил ән-нәбәуийә») дейтін еңбегінде Алла елшісінің Абдулла ибн Рауаханың өлең жолдарынан мысалдар келтіріп сөйлегені туралы деректер берілген. Сондай-ақ осы еңбекте сол заман шайыры Умаййаның жыр жолдарынан жүз бәйтін тыңдаған пайғамбардың ақын өлеңдеріне жоғары баға берілгені де жазылған. 

...Исламның алғашқы жылдарындағы ақындар шығармашылығын зерттеген Иран ғалымы Хакими Мұхаммед Реза пайғамбар заманында отыз үш шайыр болған десе, Сирия ғалымы Шейх Набахани Бейрутидің төрт томнан тұратын «Пайғамбарды мадақтаған өлеңдер жинағы» деген еңбегінде Алла елшісіне арнау жазған елу шайырдың өлеңдері берілген. Сондай-ақ Ирак ғалымы Уәлид әл-Ағзами өзінің «Пайғамбардың ақындары» деген еңбегінде пайғамбар заманында бір жүз он үш ақынның өмір сүргенін алға тартқан. Ал Риядта жарық көрген Әбу Исхақ әл-Қируанидің «Пайғамбар мен әділетті төрт халифа заманында Исламды үгіттеген шайырлар» атты зерттеуінде Әбубәкір, Омар, Оспан және Әли секілді төрт шадиярдың да өлең сөзге жақын болғандығы айтылған.

...Көркем шығармалардағы Алла елшісінің асыл қасиеттерінің кейбірін бірнеше бәйіт көлемінде айтып өту – нағт деп аталса, пайғамбардың өнегелі өмір жолын тұтас қамтыған туындылар – Сияр (жол, әдіс, тұлға, келбет) деген атпен жазылды. «Сирәтун-нәби» («Пайғамбар жолы»), «Сиәри нәбәуи» («Пайғамбарлық жол»), «Сияр шәріп» («Қасиетті жол») деген атпен танымал болған мұндай шығармалар мұсылмандар арасында кеңінен сұранысқа ие болған. Себебі Алла елшісінің өнегелі өмір жолын оқып-үйрену – тек сауап қана емес, сонымен бірге мұсылмандар үшін мәнді де мағыналы өмір сүрудің негізі. Хронологиялық тәртіппен, жүйелі түрде баяндалған мұндай туындылар: Алла елшісінің туылуы, пайғамбарлықтың келуі, Меккеден Мединеге һижрет етуі, Миғражға көтерілуі және дүниеден өтуі секілді негізгі бөлімдерден тұрады. Сияр шығармалар қара сөзбен (проза) де, өлең сөзбен (поэзия) де жазылды.

...Пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттайтын шығармалардың бірі – мәуліт. Сөздікте «туылу, дүниеге келу» деген мағына бергенімен де, діни термин ретінде пайғамбардың туылған күнін атап өтуді айтады. Мәулітте Алла елшісінің өнегелі өмірі туралы жазылған шығармалар оқылып, мадақ жырлар айтылады. Пайғамбардың туылған күніне арнайы жазылған шығармаларды «Мәуліп шәріп» деп атайды. Әдетте мәулітте оқылатын жырлар қасида жанрының өлең құрылысымен жазылатындықтан да, кейде «Қасида» деп те аталады. 

Мәуліт – синкретті жанр. Себебі мәуліт шәріптерде пайғамбарды мадақтап, салауат айтылады (нағт), ғибратты ғұмырынан үзінділер оқылады (сияр), пайғамбарлық мұғжизалары қатарында көкке көтерілгені дәріптеліп (миғражнама), ерекше қасиеттері (хилиә) мен көркем мінезі (шәмаил) насихатталады. Сондай-ақ, мәуліт белгілі бір мақам үстінде орындалып, бір сюжет не оқиға желісі аяқталар тұста пайғамбарға салауат айтылып, қошаметке тола жыр жолдары арналады:

Мархамат, қош алып тұр үмметіңіз, ей, мархамат,
Мархамат, ей, мархамат, ей, мархамат!
Мархамат бізге қабыл сүннәтіңіз, ей, мархамат,
Мархамат, ей, мархамат, ей, мархамат!
(Абдулла Жолдасұлы. «Мәуліт шәріп»)

...Дін – насихат. Үгіт-насихат дұрыс жүргізілгенде ғана дін шынайы имани сенімге ұласады. Осы жағын ескерген шайырлар пайғамбардың ардақты тұлғасын, көркем мінезі мен ерекше қасиеттерін жырлау арқылы Исламды таратуға атсалысты. Соның нәтижесінде Шығыс мұсылман әдебиетінде әуелі арнаулармен басталған бұл дәстүр ХІІ-ХV ғасырларда мазмұн, форма жағынан кеңейсе, ХVІІІ-ХІХ ғғ. кемеліне келді.

Төрәлі ҚЫДЫР

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Абай мен Мәшһүр Жүсіптің ұстазы Дәретханада сәлемдесуге бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны Пайғамбарымыз бен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдиналық яһуди ғалым
Зайд ибн Суъна Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында өмір сүрген Мәдинадағы атақты яһуди ғалымы болған. Ол жайлы бұл оқиғаны Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мәртебелі сахабасы Абдулла ибн Сәләм (ола...
Пайғамбар өмірбаяны Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қай күні дүниеге келді?
Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нақты қай күні дүниеге келгені тарихшылар мен ғұламалардың арасында пікірталас тудырған. Ибн Джәузи Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (біздің заманамыздың 570 жылы) Рабиуль-Әууәл айында жарық дүние есігін ашқандығы жа...
Ислам күнтізбесі Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі
Үстіміздегі жылдың 19-қарашасында мұсылман ай күнтізбесінің үшінші айы Рабиул-әууәл басталды. Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі? Көпшілік мақұлдаған пікірге сәйкес, дәл осы айда Раббымыздың соңғы Пайғамбары әрі Елшісі, «Пайғамбарлардың мөрі», «Әлемдерге жіберілген Рақым» Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған А...
Пайғамбар өмірбаяны Тәлбина – мүбәрәк Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті асы
Тәлбина (تلبينة) – араб ботқасы. Бұл тағам ләбән, яғни сүттен жасалатын болғандықтан «тәлбина» деп аталған. Бұл өте пайдалы тамақ, сондай- ақ мұны Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі сүйіп жейтін болған....
Пайғамбар өмірбаяны Қытай императорының Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайында жазған мадақ өлеңі
Император Чжу Юаньчжан Қытайды 1368 жылдан 1398 жылға дейін басқарып келген. Ол бүкіл елді жаулап алып, моңғолдық Юань династиясын күйреткен Мин әулетінен шыққан алғашқы әмірші. Өзі мұсылман болмаса да, Чжу Юаньчжан Нанкин, Юньнани, Гуандун және Фуцзян ел...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 00:14

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi