Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасы негізінде Алматы қаласы Орталық мешіті және Әуезов аудандық «Ақсай» мешітінің ұйымдастыруымен «Халықаралық қарттар» күніне орай «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» (Ардагерлер үйі) руханиятты кеш өтті.
Кеш барысында Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Шоқаев сөз сөйлеп Ардагерлерді төл мерекесімен құттықтады. «Құрманғазы» оркестрі дәстүрлі күй-термелерді орындап, «Мейір» би тобы өнер көрсетіп Ардагерлердің көңілін аулады.
Кеш соңында «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» ұжымы мен Айымторы қажы Тайдаринова апамыз өз алғыстарын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі