АЛМАТЫ: КӨШПЕЛІ ЖИНАЛЫС АЛАТАУ АУДАНЫМЕН АЯҚТАЛДЫ
Жыл басында ҚМДБ және Алматы қаласы Орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы мен мешіт ісінің жай-күйімен танысу мақсатында, қыркүйек-қазан айларында, Алматы қаласына қарасты аудандарда көшпелі жиналыс өткізу жоспарланған болатын. Осыған дейін аталған жеті ауданда жиын өтіп, соңғы көшпелі жиналыс Алатау ауданымен аяқталды.
«Заря восток» мешітінде Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының қатысуымен өткен басқосуға Алатау ауданының бас имамдары, наиб имамдары, ұстаздары және азаншылары қатысты.
Көшпелі жиналысты Бас имам сөз сөйлеп, жүргізіп отырды.
Бас имам өз сөзінде ағымдағы жылы Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен жасалған істер мен тың бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ мешіт имамдарының жауапкершілік қызметін арттыру, этикалық ұстанымын айқындау және тұлғалық келбетін қалыптастыру; мешіттің ішкі-сыртқы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағартушылық және шаруашылық жұмыстарын жандандыру сынды мәселелер тілге тиек етілді.
Сосын Бекет ата мешітінің Бас имамы Дәуренбеков Орынбасар аудан мешіттерің тыныс-тіршілігімен таныстырып, мешіттердегі атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстардың есебін берді.
Бекет ата мешітінің іс басқарушысы Бабаев Нұрсұлтан Мутауалият жұмысы бойынша есеп беруді жамағат қалай қабылдады және оның артықшылықтары мен кемшіліктері, іс басқарушыларға қатысты нақты ұсыныстар мен пікірлер туралы айтты.
Ал Орталық мешітінің ұстазы Қайыргелді Руслан №1, №2 хаттамаларда берілген тапсырмалар бойынша аудан мешіттерінің атқарған жұмыстарына сараптамалық баяндама жасады.
Соңынада Бас имам Әуезов және Алмалы аудандарының жақсы көтсеткіштеріне оң баға беріп, кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі