Түркістан: Бас мүфти Зерделіде мешіт ашты (ФОТО)
Жетісай ауданы, Зерделі ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Алланың үйінің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз қатысты.
Жамағатқа құтты болсын айтып, игілікті істі атқарған Каналбай Сейілбековтың әулетіне ризашылығын білдірді.
Мешіт ескі намазхананың орнынан бой көтерді. Сыйымдылығы 250-300 адам. Құрылысы жарты жылда аяқталды. Барлық жағдайлар жасалған.
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі